Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Шарипбаева Шынар Жүсіпқызы 2024 жылдың қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қабылданған үш негізгі заңға қатысты атқарылған жұмыстар жайында баян етті.
Сонымен қатар, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының рөлін күшейту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша сондай-ақ, жекеменшік мектептерде оқитын барлық балаларға арналған білім беру бағдарламасы аясында әлеуметтік көмек жайында және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы, құндылықтарды қалыптастыру және жеке тұлғаны дамытудағы оң өзгерістер жайында айтып өтті.