Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына және орнықты даму саласындағы Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты.
Іс-шараға қатысушылар қатарында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Руанда Президенті Поль Кагама, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим, Жаңа Зелендия Премьер-министрі Кристофер Лаксон, Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо, сондай-ақ...
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары...
Биыл Жетісу облысында 122 әлеуметтік нысан салу жоспарланған
Биыл Жетісу облысында 122 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған, оның 105-і осы жылы пайдалануға беріледі.
Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, биыл өңірде 100 денсаулық сақтау нысаны, 10 мәдениет нысаны, 8 білім беру нысаны, 3 спорт нысаны және 1 оңалту орталығы салынады, солардың 105-і биыл іске қосылады деп жоспарланған.
«Биыл Алакөл және Панфилов аудандарында 900 орынды 2 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алакөл...
«Жетісу Жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдануда
АҚ «Отбасы банк» мен Талдықорған қаласы әкімшілігі екіжақты «Жетісу Жастары» атты жас азаматтарымызға арналған бағдарлама қайта іске қосылатындығы жайлы жариялады.
Талаптары:
• Жергілікті атарушы органда кезекте тұру
• 21 - ден 35 жасқа дейінгі азаматтарға
• Бастапқы жарна - 0% бірінші нарықтағы үйге, 10 % екінші нарықтағы үйлерге.
Несие сомасы 10 000 000 теңге.
Несие пайызы - 5% (ЖТСМ 5,2%-ден бастап)
• Несие мерзімі - 19...
Қазақстанда электрондық сауда нарығының инфрақұрылымы белсенді дамып келеді
Үкімет отырысында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова республикада электрондық сауданың өсуін қамтамасыз ету үшін заманауи қойма кешендерінің желісі дамып келе жатқанын атап өтті.
Ол электрондық коммерцияның қарқынды дамуы Қазақстан үшін бірегей мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Бұл тек өсім көрсеткіші емес – бұл өңірлердегі кәсіпкерліктің дамуы мен Қазақстанның Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретіндегі ұстанымының нығаюы. Қазпоштаның негізі рөлі – электрондық...
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
«Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз», – Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064 жеке үй. Өңірлер арасында Шымкент қаласы, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстары құрылыс қарқыны...
Үкіметте IX қысқы Азия ойындарына дайындық шаралары қаралды. Премьер-министр: Бәріміз қазақ спортының бәсекеге қабілетті болуы үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға тиіспіз
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында IX қысқы Азия ойындарына дайындық барысы қаралды. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндама жасады.
Қысқы IX Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы 10 спорт тәртібі бойынша 6 спорт түрінен бақ сынайды. Бүгінгі таңда команда құрамы бекітіліп, ойынға 138 спортшы қатысатыны белгілі болды. Алдағы қысқы Азия...
Қысқы Универсиада: 15 қаңтарда қазақстандық жастар қандай спорт түрлерінен сайысқа түседі
Бүгін, 15 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы (ерлер, әйелдер), парашаңғы жарысы фристайл жұптық-могул және шайбалы хоккейден сынға түседі.
Сағат 13:30-де шаңғы жарысы (10 шақырым) ерлер арасында Ернұр Бексұлтан, Әмірғали Мұратбеков, Ілияс Исабе, Нартай Тұрлыбекұлы, Сұлтан Базарбеков жарыс жолына шығады.
Одан кейін 16:00-де әйелдер арасында Лаура Кинебаева, Мария Геращенко, Анастасия Ротова, Елизавета...
Бейбіт Исабаев соғыс ардагерін 101 жасқа толуымен құттықтады
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагері, ардагер-педагог, талдықорғандық Ысқақ Құсайыновты 101 жасқа толуымен құттықтады. Ақсақал Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өзінің ғасырдан асқан белесін өткеруде. Айта кетейік, бүінде облыста Ұлы Отан соғысының көзі тірі үш ардагері тұрады.
Бейбіт Исабаев дәстүр бойынша ардагердің иығына шапан жауып, өзінің құттықтау хатын табыс етті. Ардагерге тілегін білдіріп:
- Облыста қан майданда...
Талдықорғандағы қоныстой қуанышы
Баспаналы болу – үлкен бір бақыт. Ал сол аңсаған шаңырағыңның кілтін жаңа келген жылда алу қуанышты үстемелей түсуде. Осы сәтті күнді аптаның сейсенбісінде талдықорғандықтар бастан кешті. Шаттыққа толы шараның біз де куәгері болдық.
Облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Береке» коттедж қалашығында тұрғын үй кезегінде тұрған 30 көпбалалы отбасыға баспана кілті табыс етілді. Құрылыс жұмыстарымен айналысқан «Амиржан и компания» ЖШС мердігер мекеме....




























