24.5 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 25 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 343

Баспана мәселесі — маңызды

Баспана мәселесі  күн тәртібінен түспейтін өзекті және  әр тұрғын үшін маңызды екені анық. Осы орайда өңірде тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеліп, жүзеге асуда. Азаматтарымызды қолжетімді баспанамен қамту екі жолмен жүзеге асырылады: Жекешелендіру құқығы бар жалдамалы баспана және «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген несиелік баспана. Сонымен қатар, қала жастарын, яғни 21 бен 35 жас аралығындағы азаматтарды қолжетімді...

Қала әкімдігінің күн тәртібіндегі басты мәселелерінің бірі — қала тұрғындарын жайлы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету

Жалпы, қаламыз бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде 15 мыңнан астам азамат тұр. Осы азаматтарымызға былтыр 1200-ден аса қолжетімді баспана ел игілігіне берілсе, биыл бұл көрсеткішті 1400 баспанадан асыру жоспарлануда. Азаматтарымызды қолжетімді баспанамен қамту екі жолмен жүзеге асырылады: 1. Жекешелендіру құқығы бар жалдамалы баспана. 2. «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген несиелік баспана. Сонымен қатар, қала жастарын, яғни 21 бен 35 жас аралығындағы...

Талдықорғандағы мектепте «Ерлік сыныбы» ашылды

Қаламызда бүгін  Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан батыры, III- дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, қатардағы Аманов Айбат Ерболұлына арналған «Ерлік сыныбы» ашылу салтанатты жиын өтті. Суреттерді түсірген Олжас Құрмашев. Шоқан ата мектебінің өрендері есік алдынан қонақтарды күтіп алды. Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл, ҚР Ұлттық ұланы Оңтүстік өңірлік Қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік- құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник...

Қазақстанның жоғары оқу орындарын интернационалдыру: халықаралық білім беру стандарттарына жасалған қадам

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн», – деп атап өтті. 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісімдер жасалды. Бүгінгі таңда елімізде...

Талдықорғанда 100 шақырымнан аса жарық желілері тартылады

Облыс орталығы Талдықорған қаласында жалпы ұзындығы 498 шақырымды құрайтын түнгі жарық желілері тартылған. Бүгінде 640 көшенің 420 көшесі жарықтандырылған. Қаланы толық түнгі жарық шамдарымен қамту жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазіргі таңда, қала орталығынан бөлек, қаланың тысқары аудандары және саяжайлар мен жаңа бой түзеп жатқан шағын аудандарға түнгі жарық шамдар орнату жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 5 жобаға қаражат бөлініп, жалпы ұзындығы 111,3...

Шаңғы жарысынан Талдықорған қаласының ашық чемпионаты өтеді

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары! Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қаңтардың 19 күні сағат 10:00-де, Шаңғы жарысынан ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасында Талдықорған қаласының ашық Чемпионаты өтеді. Аталмыш жарысқа тіркелу сағат 9:00-де жүргізіледі. Шаңғы жарысымен қоса «Көңілді старт - эстафета» ойындары да ұйымдастырылады. Жарыс бойынша сұрақтар: ‪+7 775 069 3270‬ Бауыржан Келіңіздер, көріңіздер, қатысыңыздар!

Талдықорған қаласының «Оңтүстік-Батыс» ауданында жаңа саябақ пен сквер салынады

Облыс орталығы Талдықорған қаласы жыл санап кең етек жайып, халық саны да артып келеді. Осыған орай, тың жобалар қолға алынып, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Әсем қаламыз Талдықорғанда соңғы он жыл көлемінде ірге тасы қаланып, бой түзеп жатқан жаңа шағын аудандар көбеюде. Бүгінде жаңа аудандарға әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, жол инфрақұрылымы, инженерлік желілер ретке келтіріліп, қазіргі...

Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты. «Отбасы банкін» даму институтына айналдыру және саланы одан әрі дамыту...

Қысқы Универсиада: 17 қаңтарда ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі

Бүгін, 17 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың төртінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, парашаңғы, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккейден сынға түседі. Шаңғы жарысында спринттен 1400 метрге қашықтықта ел құрамасынан қыздарда Лаура Қыныбаева, МарияГеращенко, Елизавета Толмачёва, Алеся Бочкарёв, ерлерде Ернұр Бексұлтан, Әмірғали Мұратбеков, Ілияс Исабек, Нартай Тұрлыбекұлы, Сұлтан Базарбеков және Святослав Матасов сайысқа түседі. Ал парашаңғы жарысында спринттен...