Баспана мәселесі — маңызды

11

Баспана мәселесі  күн тәртібінен түспейтін өзекті және  әр тұрғын үшін маңызды екені анық. Осы орайда өңірде тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеліп, жүзеге асуда. Азаматтарымызды қолжетімді баспанамен қамту екі жолмен жүзеге асырылады: Жекешелендіру құқығы бар жалдамалы баспана және «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген несиелік баспана. Сонымен қатар, қала жастарын, яғни 21 бен 35 жас аралығындағы азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту үшін «Жетісу жастары» бағдарламасы «Отбасы банк» арқылы жүзеге асырылуда. Барлық бағдарламалар — тұрғын үй мәселесін шешудің нақты тетіктері деп атап өтуге болады. Мемлекеттік атқарушы органның хабарлауынша жалпы, қаламыз бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде 15 мыңнан астам азамат тұр. Осы азаматтарымызға былтыр 1200-ден аса қолжетімді баспана ел игілігіне берілсе, биыл бұл көрсеткішті 1400 баспанадан асыру жоспарлануда. Бұл, өз кезегінде, әрине, халық үшін қуантарлық жағдай деп білемін.

Болат Тұрысбеков, білім саласының ардагері

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз