16.9 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 7 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 340

Қайыстан өрмек тоқыған…

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында қызметіне адал  тұлғалар қызмет етеді. Солардың бірі - Оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының қайысшысы Қуаныш Жамашев. Оның өмір жолы мен қызметтегі жетістіктері - шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқан еңбек адамының жарқын үлгісі. Қуаныш Серікұлы 2006 жылы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жаркент қаласындағы 2091 әскери бөліміне келісімшарт...

Талдықорғанда жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары жалғасын табады

Биылғы жылы облыс орталығы Талдықорған қаласында өткен ғасырдың 80-90 жылдары салынған жылу құбырларын жаңғырту жұмыстары жалғаспақ. Естеріңізге салсақ, өткен жылы Гагарин, Алдабергенов, Қаблиса жырау, Жансүгіров, Қабанбай батыр көшелерінде жылу құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 5,4 шақырым болатын жылу құбырлары жаңғыртылған болатын. Сонымен қатар, Абай, Дарабоз ана, Қабанбай батыр, Балпық би көшелерінде 1,8 шақырым болатын жаңа жылу желілері салу...

Адал қызметі мен еңбегі үшін марапат

 Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков «Адал қызметі мен еңбегі үшін» марапатына ие болды. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен әкімдік отырысы өткен болатын. Жиында өңірдің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылғы міндеттері туралы мәселелер талқыланды. Жиын соңында жыл қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. Атап айтқанда, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында үздік...

Жергілікті атқарушы органдардың Мемлекеттік сатып алу саласында кедергілер жойылды

Жетісу облысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен кедергілерді анықтау және жою жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) отырысында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік кедергі қаралды. Бұған дейін "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдіктері жылдық көлемі айлық есептік...

Жетісу облысында 6 мыңнан астам адам зейнетке шықты

2024 жылдың басынан бері 6214 жетісулық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. 2023 жылдың дәл осы кезеңінде 5 614 тұрғын зейнетке шыққан. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалы хабарлады. Облыс бойынша Талдықорған қаласының тұрғындары көш басында, мұнда 1760 адам зейнетке шықты. Екінші орынды Панфилов ауданы иеленді – 1155 тұрғын, ал ең төменгі көрсеткішті Текелі қаласы көрсетті. Онда...

Қазақстан халқының саны 20 286 084 адамға жетті

Оның ішінде: қала тұрғындары – 12 774 743 ауыл тұрғындары – 7 511 341 Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен - 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%. Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір...

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН «ҚОРҒАС» ШЫХО ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас-Коммерц» ЖШС, «Қорғас-Энерго» және «Қорғас-Сервис» – «Қорғас»ШЫХО «арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниялары тарапынан монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады. Оларға қатысты заңнамаға сәйкес келмейтін қызметті тоқтату туралы нұсқамалар шығарылды. «Қорғас-Коммерц» ЖШС және «Қорғас-Сервис» сотқанұсқамаға қатысты шағымданды, бірақ сот органдары оны заңды деп таныды. Сот шешімін орындау нәтижесінде...

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды. Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап оның...

САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – БАСТЫ ТАЛАП

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент), көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте, Департаментпен 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында жүргізілген тексерулер нәтижесінде 16 мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден негізсіз бас тарту, 11 құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтерді көрсету, 1133 қызмет көрсетудің...

Кедергісіз сауда, бизнес үшін қолайлы жағдай және туризм

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-ға қатысушы елдер үкіметтерінің басшыларымен Одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері мен ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Кедергісіз сауданы дамыту, іскерлік ахуалды қалыптастыру, туристік әлеуетті ашу жөніндегі мәселелер қаралды. Отырысқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары: Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек...