Жергілікті атқарушы органдардың Мемлекеттік сатып алу саласында кедергілер жойылды

42

Жетісу облысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен кедергілерді анықтау және жою жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) отырысында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік кедергі қаралды.

Бұған дейін «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 42) тармақшасына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдіктері жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыра алатын.

Бұл норма бәсекелестік қағидаттарына қайшы келді және тапсырыс берушілер үшін тең емес жағдайлар жасады. Осыған байланысты, Кеңес заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, аталған кедергі жойылды — 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚРЗ жаңа Заңымен.

Аида Мараловна Хасанаева ,
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ-нің бас маманы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз