МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН «ҚОРҒАС» ШЫХО ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

53

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас-Коммерц» ЖШС, «Қорғас-Энерго» және «Қорғас-Сервис» – «Қорғас»ШЫХО «арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниялары тарапынан монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады. Оларға қатысты заңнамаға сәйкес келмейтін қызметті тоқтату туралы нұсқамалар шығарылды.

«Қорғас-Коммерц» ЖШС және «Қорғас-Сервис» сотқанұсқамаға қатысты шағымданды, бірақ сот органдары оны заңды деп таныды. Сот шешімін орындау нәтижесінде аталған компаниялар бұрынғы форматтағы қызметін тоқтатты.

Монополияға қарсы орган бұл компанияларды жекешелендіруді және оларды бәсекелестік ортаға беруді ұсынды, бұл оларға нарық жағдайында жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз