Жетісу облысында құс етін өндіретін жаңа кәсіпорын ашылады
Жетісу облысының Көксу ауданында жұмыс істеп тұрған ксәпорынның қуатын арттыру және жаңа жобаларды қолға алудың арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі көтеріледі. Атап айтқанда, Көксу қант зауытын қайта жаңғыртудың нәтижесінде оның өңдеу қуаттылығы тәулігіне 5 мың тоннаға жеткізілсе, алдағы жылдарда құс етін өндіретін «Beles Agro KZ» ЖШС-нің қуаты жылына 15 мың тонна болатын инвестициялық жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы...
Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды
Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылында «Келешек мектебі» ұлттық жобасымен заманауи жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Алты жүз орынға арналған бұл білім мекемесі аталған жоба аясында тұрғызылған облыстағы екінші мектеп. Бұған дейін осындай 1200 орындық Панфилов ауданының Жаркент қаласында ашылған болатын, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа мектептің ашылуына арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов ауыл...
Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды
Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылында «Келешек мектебі» ұлттық жобасымен заманауи жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Алты жүз орынға арналған бұл білім мекемесі аталған жоба аясында тұрғызылған облыстағы екінші мектеп. Бұған дейін осындай 1200 орындық Панфилов ауданының Жаркент қаласында ашылған болатын, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа мектептің ашылуына арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов ауыл...
Жетісулық шаруашылық жаңбырлатып суару арқылы мал азығын өсіру жобасын қолға алды
Жетісу облысының Кербұлақ ауданында 1 мың гектардан астам жерге жаңбырлатып суару технологиясы енгізіліп, мал азығы өсірілмекші. Бұл - ірі қара етін терең өңдеуге бағытталған үш кезеңнен тұратын іргелі инвестициялық жобаның алғашқы кезеңі ретінде іске асырылуда. Жобаның жүзеге асырылу барысымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысып қайтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Агрохолдинг-Жетісу» ЖШС Кербұлақ ауданының Жоламан массивінде...
Күнбағыс майын көтерме сату нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау аяқталды
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2024 жыл және 2025 жылдың қаңтар–маусым айлары кезеңінде Жетісу облысының географиялық шегінде күнбағыс майын (тазартылған және тазартылмаған) көтерме сату нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне жоспарлы талдауды аяқтады.
Талдаудың мақсаты – бәсекелестіктің даму деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайды иеленетін шаруашылық субъектілерін анықтау, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалану фактілерін қоса алғанда,...
Алдын алуға арналған іс-шара
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының сарбаздарымен әскери полиция жедел уәкілі майор Р.Исенбековтің қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында әскери тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және әскери қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында “Көктем–2025” шақырылымындағы сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алу шарасы өтті.
Іс-шара барысында жас сарбаздарға әскери борышын абыроймен атқару, Отан алдындағы антына адал болу жөнінде айтылды. Сарбаздардың жауынгерлік қызметі ендігі кезекте шекара бөлімшелерінде жалғасатын болады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Тұрғын үй төлемдері мен ипотекалық бағдарламалар бойынша ашық сұхбат өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен Халық банкінің қызметкерлері кездесіп, тұрғын үй төлемдері мен тиімді ипотекалық бағдарламалар жөнінде ашық сұхбат өткізді.
Кездесу барысында әскери қызметшілерге банк тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер, несие алу шарттары және тұрғын үй мәселелерін шешудің тиімді жолдары туралы жан-жақты түсіндірілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
“Қазақша сөйлейік” клубының сабағы өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінде “Күз – 2025” жас шақырылымының қатысуымен “Қазақша сөйлейік” клубының сабағы өтті. Іс-шара Жетісу облысы “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының Алакөл аудандық филиалы мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Клубтың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жас сарбаздардың тіл мәдениетін дамыту және олардың күнделікті қарым-қатынаста қазақ тілін...
Әскери қызметшілермен профилактикалық кездесу өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында жеке құраммен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Панфилов аудандық өңірлік бөлімінің маман-теологы З. Тоқсанбаев және ҚР ҰҚК ЖО бойынша Панфилов аудандық басқармасының жедел уәкілі, аға лейтенант Е.Нұрланов қатысты.
Кездесу барысында әскери қызметшілер арасында теріс қылықтардың алдын алу, құқықтық және моральдық мәдениетті арттыру, сауаттылық пен жеке жауапкершілікті нығайту...





























