ӘЙЕЛ — МЕЙІРІМНІҢ, СҰЛУЛЫҚ ПЕН ДАНАЛЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ

Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер
күнімен құттықтауы

Құрметті аналар, ардақты әпке-қарындастар,

аяулы арулар!

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай шынайы
құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Әйел қай дәуірде де мейірімнің, сұлулық пен даналықтың
символы болған. Нәзік болмысты ана шаңырағының шырайын
кіргізіп, берекесін ұйыстырушы, ұрпақтың тәрбиесі мен
болашағын қалыптастырушы, дәстүр мен құндылықтарды
сақтаушы деп саналған. Қазіргі қоғамда оның бұл рөлі бұрынғыдан
да арта түсті. Кәсібилік, жауапкершілік, өзіне деген сенім
әйелдердің өндірісте, әлеуметтік салада, басқару ісінде,
шығармашылық пен бизнесте биік белестерді бағындыруына
мүмкіндік береді.
Табиғи қабілетінің арқасында жаңа өзгерістерге жылдам
бейімделуі әйелдердің кез келген салада табысты болуына жол
ашып отыр.
Мемлекет тарапынан ана мен балаға ерекше көңіл
аударылып, жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Жетісулық әйелдер өзінің күнделікті еңбегімен өңірдің
дамуына елеулі үлес қосып, тұрақтықты нығайтуға, келісімді
орнықтыруға атсалысуда. Сөйте тұра сіздер нәзік те жұмсақ,
биязы болмыстарыңызды сақтап келесіздер. Жанашырлық пен
аялы алақан, мейірім мен жаны жылуы үшін баршаңызға алғыс
айтамыз.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке
тілеймін.
Көктемнің осы көрікті күнінде жүздеріңіз шуақты, көңілдеріңіз
көтеріңкі болсын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз