Талдықорғанда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Апта бойы өткен жарыста «Алтай» командасы жеңіс тұғырынан көрінді, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары финалда «Жетісу» командасымен кездесіп, жергілікті волейболшылардан басым түсті.

Жалпы, «Жастар» спорт кешенінде өткен додаға еліміздің әр өңірінен 8 команда, 100-ге жуық спортшы келді. Сайыс барысында командалар барын салып, жарыс көркін қыздырды.

Бұл бәсекеде жетісулық бұрымдылардың көрсеткен өнерін үздік бағалаған жөн. Жерлестеріміз барлық кезеңде үздік нәтиже көрсетті десек болады. Алайда, ақтық ойында қыздарымыз өздерінің басты қарсыласы «Алтай» командасына есе жіберіп алды.

Осылайша Қазақстанның 8 мәрте чемпионы атанған «Жетісу» командасы бұл маусымда екінші орынға жайғасты. Үздік үштік Солтүстік Қазақстан облысынан келген «Қуаныш» командасына бұйырды.

Айта кетейік, карантин режиміне байланысты биыл ел біріншілігі көрерменсіз өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK