Президент бірнеше рет атап өткендей, әрбір адам білім алуға, өзін дамытуға және үнемі ізденуге ұмтылуы тиіс. Бұл қағида жаңа Конституцияның идеялық мазмұнымен де үндесіп жатыр. Онда еліміздің білімге негізделген, прогрессивті қоғам ретінде дамуының басты бағыты айқын көрініс тапқан. Мұндай қоғамның ең басты байлығы – адам капиталы. Әсіресе, жастардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы мемлекеттің болашақтағы табысты дамуының негізгі кепілі болып саналады. Сондықтан білім мен ғылымға басымдық беру – жаңа Конституцияда көрініс тапқан маңызды құндылықтардың бірі. Конституция тек құқықтық құжат қана емес, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған маңызды стратегиялық негіз болып табылады.
Жамал Нұрлыбаева, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты




























