Цифрлық құқықтарды қорғау мәселесі маңызды

3

Жаңа Конституция жобасы – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды құқықтық реформа. Қазіргі цифрлық технологиялар қарқынды дамыған заманда азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі жаңа мазмұнға ие болып отыр. Ақпараттық қоғам жағдайында адамның құқығы виртуалды ортада да сақталуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасында цифрлық ортадағы құқықтарды қорғауға ерекше мән берілуі  уақыт талабына сай қадам деп білемін. Цифрлық технологиялардың кеңінен таралуы адамдардың өмір салтына, ақпарат алмасу тәсілдеріне және қоғамдық қатынастарға үлкен өзгеріс әкелді. Интернет пен цифрлық платформалар азаматтардың пікір білдіру, ақпарат алу, білім алу және мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтті. Сонымен қатар, бұл кеңістік кибербуллинг, жалған ақпарат тарату сияқты жаңа қауіптерді де туындатты. Осыған байланысты жаңа Конституция жобасында цифрлық құқықтарды қорғау мәселесінің көрініс табуы өте маңызды. Мұндай құқықтарға жеке деректердің қорғалуы, интернеттегі қауіпсіздік, сөз бостандығын сақтау және ақпаратқа тең қолжетімділік сияқты қағидалар жатады. Бұл нормалар азаматтардың құқықтарын жаңа технологиялық ортада да қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шалқар Оразбаев, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз