КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ӨТЕНАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

4

 

🖇️Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттің құқықтық және саяси жүйесін заман талабына сай жетілдіруге бағытталған ауқымды құжат. Ол билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін нақтылауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді және мемлекеттік басқару құрылымын тиімді етуді көздейді. Дәл осындай әңгімені «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалиция өкілдері Өтенай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде сөз етті. 

🔹Алғысөзде Арыстанғали Арын Жаңа Конституция жобасы әлеуметтік бағыттағы нормалар да кеңінен көрініс тапқанын атап өтті.

 

– Жаңа Ата заң жобасында халықтың тұрмысына қажетті жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі халыққа тиесілі екені нақты айқындалған. Сонымен бірге, мемлекет азаматтардың денсаулығын сақтауға, сапалы білім алуға және әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беретін нормалар нақтыланады. Яғни, «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидат жаңа Конституция жобасында берік орныққан, — деді спикер. 

🔹Артынша сөз тізгінін тартқан Нұрбек Құдайберген сөзіне сенсек, Конституциялық реформа халықтың саяси процеске қатысуын кеңейтіп, заң үстемдігін нығайтуға мүмкіндік береді. Егер Парламенттің рөлі күшейіп, жергілікті өзін-өзі басқару дамыса, бұл демократиялық қағидаттардың тереңдеуіне әсер етеді.

 – Жоба Конституция деңгейінде Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттарын бекітеді. Білім, ғылым, мәдениет пен инновацияға басымдық беру – адам капиталына сүйенетін заманауи мемлекеттің бағдарын айқындайды. Құжаттың өзегінде – адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары мен жеке жауапкершілігі қарастырылған. Дәстүр, бірлік пен рухани құндылықтар қоғамның орнықты дамуының негізі ретінде айқындалған, — деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз