📌Жаңа Конституцияның негізгі басымдықтарының бірі – Қазақстанның ұзақмерзімді дамуы үшін цифрландыруды дамыту. Конституция — тек негізгі құқықтық құжат қана емес, сонымен бірге мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің негізі. Осы тұрғыда ұсынылып отырған өзгерістер билік пен азаматтар арасындағы алшақтықты қысқартуға, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға және нақты қоғамдық сұраныстарға бағдарлануға бағытталған. Осындай ойды «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция өкілдері Арыстанғали Арын, Ерғазы Қошанбеков және Болат Тұрысбектер Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлерімен кездесуде мәлімдеді.
Кездесуде меке қызметкерлеріне жаңа заман талабына сай жаңарып отырған Ата Заңның мазмұны, ондағы басты нормалар кеңінен таныстырылды. Алғаш сөз тізгінін тартқан Ерғазы Қошанбеков жаңа Ата заң жобасындағы тың үдерістерге тоқталды.
— Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендіктің иесі – Қазақстанның біртұтас халқы екені нақты айқындалған. Қазақстан үшін бұл кезең – саяси реформалардың қорытындысы ғана емес, жаңа мемлекеттік даму дәуірінің бастауы. Алдағы уақытта Конституция жобасы кең көлемде талқылаудан өтіп, түпкілікті шешім референдум арқылы қабылданатыны белгілі-дейді ол.




























