Жетісулықтар ақын Жұматай Жақыпбаевқа арналған әдеби-сазды кеш өткізді
Жыр қағаны атанған ақын Жұматай Жақыпбаевтың 80 жылдығына орай Талдықорғандағы Д. Рақышев атындағы филармонияда «Жыр жұлдызы Жұматай» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Облыстық филармония ғимаратының фойесінде С.Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапхана ақынның өлең жинақтарынан, оның шығармашылығы туралы жазылған зерттеу кітаптарынан және ақынның әр кезеңдегі фотосуреттерінен көрме қойды.
Әдеби-сазды кеш Б. Римова атындағы драма театры актерларының орындауында шайыр өлеңдерінен қойылған прологпен ашылды.
Рухани шарада...
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді
Ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің (бұдан әрі – АӘҚ) сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда АӘҚ көрсететін мамандардың тізілімі (бұдан әрі – тізілім) енгізілді.
Тізілім – бұл Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген мамандардың электрондық тізімі, онда әлеуметтік қызметкер туралы толық ақпарат бар: жеке деректері, білімі, біліктілікті арттыру туралы мәліметтері, аттестаттаудан өту туралы мәліметтері, жұмыс тәжірибесі және т. б.
Тізілім...
Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» мәдени көш керуені басталды
Жетісу облысында жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Еңбекпен ер атанған» көш керуені мәдени шаралары басталды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған іс-шара аясында еңбектің құндылығын ұғындыратын кітаптар мен суреттер көрмесі, музей жәдігерлерінен көрмелер қойылып, концерттік бағдарламалар ұсынылуда. Бүгінге дейін осындай көш керуен Ескелді, Көксу аудандарында болып өтті.
Шара барысында Қарабұлақ және Балпық би ауылдарындағы мәдениет үйлерінде Сейфуллин атындағы...
Әрбір бала — бір жұлдыз
«Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» атты Талдықорған қаласының дарынды оқушыларын марапаттау салтанаты өтті. Кеш барысында «Зерде» республикалық зерттеу жобалар конкурсының, «Дарын» республикалық олимпиадасының, 9-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың, «Дарын» ғылыми жоба жарысының жеңімпаздары марапатталды. Сондай-ақ, ағымдағы оқу жылы аясында өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар жұмысында үздік нәтиже көрсеткен М.Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп...
Кемшіліктер мен өзекті мәселелер жоқ емес
Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2025 жылдың міндеттері туралы алқа мәжілісі өтті. Күн тәртібінде мәдениет және архив саласының қызметі, өткен жылғы жеткен жетістіктер мен ағымдағы жылы атқарылатын ауқымды шаралар, өзекті мәселелер қаралды.
Биылғы жылы бірқатар халықаралық, республикалық фестиваль мен байқаулар, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдығына...
Талдықорғанда тұрмыстық газ баллондарын тұтынатындар үшін сақтық шаралары күшейтіледі
Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен төтенше жағдайлар басқармасының мамандары бірлесіп, тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын пайдалануға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (газ-ауа қоспасының жарылыстары) алдын алу және болдырмау мақсатында қала тұрғындарына профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Шара барысында көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындарға аралап, жалпы қабаты екіден жоғары көп қабатты тұрғын үйлерде сұйытылған тұрмыстық газ баллондарын қолдануға және сақтауға тыйым...
Талдықорғанда 36 жаңа аялдама кешені орнатылады
Облыс орталығы Талдықорған қаласында жалпы саны 282 аялдама бар. Оның 21-і смарт аялдамалар. Бүгінде қала аумағындағы тозығы жеткен аялдамалар жаңартылып, жаңа бой түзеп жатқан шағын аудандар мен халықтың сұранысына сәйкес тұрғын үй алаптарына 36 жаңа аялдама орнатылады.
Естеріңізге салсақ, 2018 жылы ел игілігіне берілген 21 смарт аялдамалардың басым бөлігі сын көтермейтін жағдайға жетіп, тұрғындардың наразылықтарын тудырып келген еді.
Өзекті мәселені оңтайлы...
Бүгін қазақтың қайталанбас дара тұлғасы, классик ақыны, өмірден аққан жұлдыздай ерте озған ЖҰМАТАЙ ЖАҚЫПБАЕВТЫҢ туғанына 80 жыл толып отыр. Назарларыңызға ақынның бір топ өлеңдерін ұсынамыз.
МАМЫРЫМ МЕНІҢ...
Бозамық көкке бозторғай құсты ілдірген,
Мал өріс қырға масаты тыстап үлгірген,
Мамырым менің, жер бетін түгел көгерткен,
Үйренем сенің үлгіңнен!
Тыңдарға әні, түрі бар таңдай қағарға,
Аспаннан түсіп Алакөлдегі аралға,
Аққуларыңның алды-арты келіп болды ма,
Ат-көліктері аман ба?
Көделі жазық, жусаны қалың...
Рәмізді қастерлеу – елді құрметтеу
Қазақ елінің тәуелсіздігі мен дербестігін, егемендігін бүкіл әлемге паш ететін рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні. Мемлекетіміздің мызғымас негіздерінің бірі саналатын бұл құнды белгілерімізбен халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мұқалмас рухы мен қаһармандығы астасып жатыр.
Әрбір азамат өз елінің патриоты бола отырып, мемлекеттік рәміздерді білуге және құрметтеуге міндетті. Мемлекеттік атрибуттардың мазмұнын терең білу және түсіну – елдіктің маңызды элементтеріне деген қызығушылықты,...
Алакөлдік шекарашылардың қос жетістігі
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы қоян-қолтық ұрыстан Жетісу облысының чемпионатына арналған сайыста жақсы нәтиже көрсетті.
Спортты жанына серік еткен әскери қызметшілер арасында өткен қарымтаның нәтижесінде Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының намысын қорғаған бірнеше әскери қызметші бірінші үштіктен көрінді.
Атап айтсақ, 62 келі салмақта катардағы жауынгер Б.Сықақов II орынды, 88 келі салмақта кіші сержант...





























