Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен төтенше жағдайлар басқармасының мамандары бірлесіп, тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын пайдалануға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (газ-ауа қоспасының жарылыстары) алдын алу және болдырмау мақсатында қала тұрғындарына профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Шара барысында көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындарға аралап, жалпы қабаты екіден жоғары көп қабатты тұрғын үйлерде сұйытылған тұрмыстық газ баллондарын қолдануға және сақтауға тыйым салынғандығы туралы хабарламалар беріліп, ескерту жасалды.
Сондай-ақ, екі қабаттан аспайтын тұрғын үйлерде газ баллондарды қауіпсіз жағдайда қалай пайдалану керектігі бойынша қауіпсіздік талаптары мен ережелері түсіндіріліп, ақпаратқа толы жадынама таратылды.
Айта кетейік, сала мамандары жылыту маусымы басталғанға дейін жеке секторларда 1200-ге жуық үйді қамтыса, ал көп қабатты 274 үй араланды.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі