24 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 6 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 332

Заңсыз смартфондарды бұғаттау: Қазақстанда IMEI верификациясы қалай өтеді?

2025 жылғы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа ережелер тек 24.03.2025 жылдан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты. Қазақстан аумағында бұрыннан бар және Идентификациялық кодтар дерекқорына (ИКД) енгізілген телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады. Бұл жаңашылдықтар тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және...

Күршім көпірі іске қосылғаннан кейін төрт айдан соң: Шығыс Қазақстан дамуының жаңа кезеңі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең ұзын көпір жұмыс істеуде. Жоба өңірдегі көлік байланысының көпжылдық мәселесін шешуге бағытталған. «Жұрт жылдар бойы жазда – пароммен, қыста – мұздың үстімен жүретін. Бұл өте ыңғайсыз әрі қауіпті болғаны түсінікті. Енді мәселе біржола шешімін тапты»,- деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бүгінгі таңда Күршімдегі көпір Шығыс Қазақстан облысының Күршім,...

Жетісуды дамытуда ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу, өндірісті өркендету, туризм, цифрландыру бағыттарына басымдық беріледі

Президенттің тапсырмаларына сәйкес Жетісу облысын дамытудың бірқатар басым бағыттары белгіленді. Солардың қатарында ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу, өндірісті дамыту, туризм, цифрландыру бағыттары бар. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Журналистің өткен жылдың қорытындысы және алдағы жоспарлар туралы сұрағына жауап беру барысында облыс басшысы...

Талдықорғанда биылғы жылы 60-қа жуық аула абаттандырылады

Облыс орталығы Талдықорған қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Өткен жылы қала бойынша 7 аула аумағында абаттандырумен бірге күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Атап айтқанда, «Ұлан» шағын ауданында 5 аула ретке келтірілсе, ал Еркін ауылында 2 аула абаттандырылды. Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Батыс тұрғын ауданындағы Жазиралы мен Ақындар көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Ащыбұлақ, Алмалы, Үйтас және Көктем саяжайларында стрит-воркаут кешені...

Халықаралық сайыста шыңдалған – «Бүркіт» жасағы

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл UAE SWAT Challenge сайысында топ жарған күштік құрылымдардың бір топ офицерін марапаттады. Бұл  «Бүркіт» жасағының жауынгерлеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев зор құрмет көрсетіп, алғысын білдірген болатын. Үстіміздегі  жылдың 1-5 ақпан күндері аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5514 әскери бөлімінің «Бүркіт» жасағының жауынгерлері UAE SWAT Challenge - 2025 арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы әлемнің 80...

Талдықорғанда Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің бірі – Ауған соғысы. Отан алдындағы борышын адал атқарған, әрі болашағына сенген жас ұрпақ саяси орынның құрбанына айналды. Көптеген жастарымыз жат елінде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Баласын, бауырын, ағасын, інісін майданға шығарып салған отандастарымыздың да, қанды қырғынның ортасынан оралған сарбаздардың да жүрегінде Ауғанстан мәңгілік жара болып қалды. КСРО...

Олжас Бектенов сарапшылармен бірге салық реформасын және цифрландыру арқылы салықтық әкімшілендіру мәселесін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселесін талқылады. Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында ұсынылған шаралар жұртшылықпен, әсіресе бизнес өкілдері және сарапшылармен белсенді түрде кеңінен талқыланып жатқанын атап өтті. Ұлттық экономика, қаржы вице-министрлері бастаған жұмыс топтары барлық өңірдегі бизнес-қауымдастықтармен кездесіп, талдау және өңдеу үшін ұсыныстар жинады. Ұлттық экономика министрлігі фискалды реформаның негізгі тәсілдерін қысқаша таныстырды. Сараланған ҚҚС...

Қазақстан халқының 98,9% жаппай ауызсумен қамтылған

  «Халықты ауызсумен қамтамасыз ету және су қорын келешек ұрпаққа сақтау үшін жан-жақты шаралар қабылдау – біздің тікелей міндетіміз», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 2024 жылы 3100 шақырым сумен жабдықтау желісі салынып, қайта жаңартылды. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 98,9%-ы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілген: қала тұрғындарының 99,4%-ы және ауыл тұрғындарының 97,8%-ына сапалы ауызсу қолжетімді. (Анықтама үшін: 2020 жылы ауыз...

Отты жылдар естелігі ұмытылмайды

Ауған соғысы –Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім шығарылып, арада он күн салып,  27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтеді. Онда олар  1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Осы 10 жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22269 жауынгер интернациональдық міндеттерін атқарды. Олардың 924-і...

Салауатты сана

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай «Салауатты сана» жобасы аясында Жетісу облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен мектептерде қонақ дәрістері жалғасуда. Талдықорған қаласы №16 орта мектебінде өткен кездесуде Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының төрағасы Атсалим Идигов  спикер болды. Ол «Қазір еліміздің алға қойған үлкен мақсаты барлық тұрғындар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануға бағытталған бірлікке...