Талдықорғанда биылғы жылы 60-қа жуық аула абаттандырылады

67
Облыс орталығы Талдықорған қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Өткен жылы қала бойынша 7 аула аумағында абаттандырумен бірге күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.
Атап айтқанда, «Ұлан» шағын ауданында 5 аула ретке келтірілсе, ал Еркін ауылында 2 аула абаттандырылды.
Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Батыс тұрғын ауданындағы Жазиралы мен Ақындар көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Ащыбұлақ, Алмалы, Үйтас және Көктем саяжайларында стрит-воркаут кешені мен балалар ойын алаңдары орнатылды.
Ал ағымдағы жылы «Жұлдыз», «Ұлан», «Жетісу» шағын аудандарында 39 ауланы абаттандыру жұмыстары жоспарлануда. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу порталында конкурс процедуралары жүргізілуде.
Айта кетейік, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында биылғы жылы 20 аулаға стрит-воркаут кешені мен балалар ойын алаңы салынбақ.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз