Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай «Салауатты сана» жобасы аясында Жетісу облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен мектептерде қонақ дәрістері жалғасуда.
Талдықорған қаласы №16 орта мектебінде өткен кездесуде Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының төрағасы Атсалим Идигов спикер болды. Ол «Қазір еліміздің алға қойған үлкен мақсаты барлық тұрғындар үшін ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесін тануға бағытталған бірлікке жету болып табылады. Халықтың бірлігі – Қазақстанның барлық жетістіктерінің кілті. Бейбітшілік пен тұрақтылық –жалпыхалықтық жетістік. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мұны жақсы түсінеді. Сондықтан болар, бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық татулықты сақтап отырған бірегей мемлекет ретінде дүниежүзіне танылып, өзгелерге үлгі болатындай дәрежеге жеттік деп айта аламын»-деді.
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі