16.9 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 27 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 319

Қазақстандық астықтың Ресей арқылы транзиті: негізгі шарттар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың 17 қазанынан бастап Ресей Федерациясына қазақстандық астық өнімдерін (бидай, жасымық және зығыр майлы тұқымдары) әкелуге уақытша шектеулер енгізілгенін хабарлайды. Ресей Федерациясының Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызметінің (Россельхознадзор) 2025 жылғы 15 ақпандағы ақпаратына сәйкес, қазақстандық тарап түпкілікті межелі елге тікелей фитосанитариялық сертификаттарды ресімдеу және теміржол вагондарынан тікелей кеме трюмдарына астық...

Жүктілік және босану бойынша жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болады?

Қазақстандағы әрбір ана болуға дайындалып жүрген әйелдерге баланың дүниеге келуіне байланысты қаржылық төлемдер төленеді. «Қысқа да нұсқа» айдарында біз негізгі жәрдемақыларды және оларды дұрыс рәсімдеу жолдарын қарастырамыз

МӘМС жүйесі мәселесі қаралды

 Қала әкімдігінің мәжіліс залында Талдықорған қаласында халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту мәселелері бойынша қалалық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Шакенов, полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Д.Қалибаев, Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім бастығы Е.Қабдолданов, №1 және №2 қалалық емханалардың, «Хак» және «Нұр-Авиценум» медициналық ұйымдарының өкілдері сөз алып, атқарылып жатқан...

Қала әкімі менторлармен кездесті

«Жетісу жастары» орталығының мәжіліс залында  Талдықорған қаласының  әкімі Ернат Бәзіл қала мектептерінің менторларымен кездесті,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz. қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында қала әкіміне 2024 жылы менторлармен бірлесіп атқарылған жұмыстар жайында баяндалып, алдағы міндеттер мен межелер талқыланды. Еркін форматта өткен жиында менторлар тарапынан ұсыныстар мен өзекті сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді әрі мақсатты өткізу мақсатында...

Ветеринария мамандығында оқитын білімгерге арналған тәжірибелік экскурсия ұйымдастырылды

Жұмысшы мамандықтары жылына  орай  Талдықорған қаласының әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес,Талдықорған агротехникалық колледжінің ветеринария мамандығында оқып жатқан  студенттер шаруашылықтарға барып, олардың  тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.  Ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, бұл шара  тәжірибе алмасу және ынталандыру мақсатын көздеді. Шара барысында студенттерге  Өтенай ауылында орналасқан  ветеринарлық станция мен ондағы мамандардың жұмысы туралы толық білуге мүмкіндік туды. Жалпы мекеме жұмысымен  мал дәрігері Талғат...

Әскерге шақыру науқаны. Сапқа қосыл, сарбаз!

 Жетісу облысы  Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, аудандық, қалалық әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың төрағалары қатысуымен Оқушылар сарайында жиын өтті.  2024 жылғы күзгі азаматтарды мерзімді әскери  қызметке шақыру қорытындысы және 2025 жылғы көктемгі әскерге шақыруға тапсырмалар туралы баяндамалар тыңдалып, бірқатар мәселелерге назар аударылды.  Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18-27 жасқа дейінгі ер азаматтар, әскерге шақыру бойынша белгіленген...

Қазақстандағы жастар саясаты: жұмыспен қамту, тұрғын үй және қызметте өсу

«Қазақстанның болашағы – отаншыл, білімді, еңбекқор азаматтардың, яғни жастардың қолында. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін!» – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев   2024 жылы қазақстандық жастармен жұмыс істеудің басты бағыты «Адал азамат» тұжырымдамасы болды. Бұл бағытты Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айқындап берді. Тұжырымдама адалдық, әділдік және еңбекқорлық секілді құндылықтарды насихаттауға негізделген. Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі – жастарды жұмыспен...

Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығы негізінде жүзеге асады. Медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы: 1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру; 2) қайтадан куәландыру (қайта куәландыру) мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады. Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына...

Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуды ұсынды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды muftyat.kz. "Қадірлі отандастар! Баршаңызды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп,...

Өтенай ауылында дәрігерлік амбулатория салынады

Өтенай  ауылы тұрғындары іргетасы 1986 жылы қаланған ескі ғимаратта ем қабылдауға мәжбүр болып, сапалы медициналық көмек алу, дәрігерге қаралу, жатып ем қабылдау жағыда алаңдадып келген болатын. Естеріңізге салсақ, қала әкімі Ернат Бәзіл Өтенай ауылының тұрғындарымен жүздесуі кезінде ауылға жаңа емхананың керек екендігін айтып, назарға алуды сұраған болатын. Өз кезегінде қала әкімі мәселені жіті бақылауына алып, оңтайлы шешіп беретіндігін уәде еткен...