Жетісу облысында жыл соңына дейін газға тағы 55 мыңнан астам адам қол жеткізеді
Жетісуда өңірді газдандыру жұмыстары белсенді жалғасуда. Бүгінде облыстың 333,5 мың тұрғыны газға қол жеткізді. Тағы 55 мыңнан астам тұрғыны бар 27 елді мекен осы жылдың соңына дейін газдандырылады. Солардың қатарында Текелі қаласы, Көксу, Ескелді, Қаратал аудандарындағы бірқатар ауылдар және Талдықорған қаласы маңындағы тұрғын аудандар бар.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, Ескелді ауданының елді мекендері мен Текелі...
200 оқушыны қамтыған «Жазғы лагерь» бастау алды
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ,«Jetisu jastary» КММ және «Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жетісу облысында студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы аясында 200 оқушыны қамтыған, 3 күндік оқыту семинары бар «Жазғы лагерь» бастау алды.
Лагерьде Жетісу облысының барлық жоғары, арнаулы, орта оқу орындарында студенттік және мектептік өзін-өзі басқарудың тиімді моделін құру және оның тұрақты...
Артық білім кітапта
«Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті, қаусаған қарттың өмір есігін жаңа ашқан жасқа өлер алдында айтқан ақылы, тынығуға кеткен сақшының өз орнына келген сақшыға берген бұйрығы болып табылады». Оның тірі организм сынды жаны бар, бұл ой әлемі. Абай «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге»-деп өсиет етіп кетті....
Құрылысшыларға құрмет
Құрылысшылар күні мерекесіне орай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл бірқатар ардагер құрылысшылар мен облысымыздың индустриалдық-инновациялық дамуына үлес қосып жүрген компания өкілдері мен кәсіби құрылысшыларды құттықтады.
Сахна төріне көтерілген Ернат Дүйсенбекұлы «Әлемде әр түрлі мамандық болса, соның ішінде, қоғам өмірінде маңызды орын алатын, ауыл мен қаланың гүлденуіне тікелей үлес қосатын - мына Сіздер, құрылыс саласының қызметкерлері! Еліміз тәуелсіздік алғалы, барлық...
Облыстағы 6 балаларды оңалту орталығында бір мезгілде 500-дей бала ем ала алады
Жетісу облысында балаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсететін 6 оңалту орталығы бар. Оларда бір мезгілде 500-дей бала ем шараларын қабылдай алады. Орталықтар психоневрологиялық патологиясы, тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. АВА терапиясы, емдік массаж, дене шынықтыру, су рәсімдері және тиімді оңалтуға қажетті басқа да әдістер қолданылады. Осындай...
Облыстағы көмір қоймаларында 30,2 мың тонна көмір бар
Өңір тұрғындарын көмірмен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында бүгінде облыс аумағына тәулігіне орташа есеппен 13 вагон немесе 897 тонна қатты отын жеткізілуде.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының деректеріне сәйкес бүгінгі таңда облыс көлемінде 35 көмір тұйығы мен қоймалары бар. Бүгінде оларда 30,2 мың тонна көмір жатыр, соның ішінде «Шұбаркөл» - 19,2 «Қаражыра» - 11 мың тонна.
«Бүгінгі күні облыста...
Жатақханаларға орналастыру бойынша студенттерге көмек көрсететін бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді
Жатақханаларға орналастыру мәселелері бойынша студенттерге көмек көрсететін бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.
Байланыс орталығы студенттердің жатақхана іздеу және орналасу барысында туындаған мәселелерін жедел шешу, қолжетімді орындар туралы ақпарат беру, жатақханаға орналасу шарттары мен ережелерін түсіндіру мақсатында құрылған. Алдымен студенттерге өз университеттерінің ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде көрсетілген байланыс ақпараты арқылы өз оқу орындарының ахуал орталығына жүгіну ұсынылады.
Орталық қызмет көрсетуден бас...
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы бәйгеге шабатын аттар белгілі болды
Алматыда бәйгеден қала кубогі өтіп, ат жарыс аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болды.
«Осы ат жарыс аясында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы – Кұнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйгеге үздік жылқыларды іріктеп алдық», - деді Республикалық «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.
Құнан байге бойынша І орынды Сұңқар атты тұлпар, шабандозы Абзал Тұрғанбек иеленді. II...





























