Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері мәлім етті, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Мысалы бұған дейін жоғары білімді, 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңге болса, 1 маусымнан бастап ол — 98 961 теңге болады. Осылайша, жалақы өсімі 17 130 теңге немесе 21пайыз болады.

Тағы бір мысал, 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысы бұрын 58 984 теңге болса, 1 маусымнан бастап 76 114 теңгеге көбейеді. Өсім — 17 130 теңге немесе 29 пайыз.

Жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион қызметшіге қатысты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK