eGov Mobile қосымшасында анықтаманы қалай алуға болады?
— Қосымшада авторизациядан өтіп;
— «Қызметтер» — «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдап;
-«Көлік басқаруға рұқсат туралы медициналық анықтама (№ 073/е) беру» қызметін таңдап;
— Face ID/Touch ID көмегімен қол қойыныз.
Қызмет eGov.kz порталының «Азаматтарға» — «Көлік және коммуникациялар» — «Автомобильдік көлік» бөлімінде де қолжетімді.
Өтінімді тапсырған соң, анықтама жеке кабинетте PDF форматында қолжетімді болады және оны алған сәттен бастап 1 жыл ішінде жарамды
Дереккөзі: “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы