Алматыда халықаралық «Turkistan» газетінің 25 жылдығына орай және БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында үстел теннисінен республикалық турнир өтті. Аталмыш додаға 30-ға жуық журналист келіп, өзара шеберлік байқасты, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Үстел теннисі федерациясы қолдау білдірді.

Жалпы, тартысты өткен бәсекеде тілшілер аянып қалмады. Әсіресе, Жезқазған қаласынан келген «Сарыарқа» газетінің фототілшісі Ғалия Әбдіғаппарованың өнері таңдай қақтарды.

Суретті түсірген М.Құсайынов
Суретті түсірген М.Құсайынов

Ол барлық қарсыластарын қоғадай жапырып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал, оған ақтық сайыста есе жіберіп алған «Талдықорған» газетінің бас редакторы Данияр Сейсенбаев ІІ орынға табан тіреді.

Суретті түсірген М.Құсайынов

«Түркістан» газетінің бұрынғы қызметкері, танымал журналист Есенгүл Кәпқызы мен Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің жауапты хатшысы Асхат Алтынбеков үздік үштіктен көрінді.

Суретті түсірген М.Құсайынов
Суретті түсірген М.Құсайынов

Сондай-ақ, жарыста белсенділік танытқан бірнеше ойыншы арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздарды газеттің бас редакторы Қуат Әуесбай құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Суретті түсірген М.Құсайынов

Айта кетейік, «Túrkistan» халықаралық газеті – 1994 жылдың 28 қаңтарынан бастап шығатын саяси апталық. Ширек ғасыр жасаған басылым қазіргі таңда 5500 таралыммен республиканың барлық облыстарына, оған қоса Ресей Федерациясына да тарайды. «Túrkistan» газеті 2009 жылдан бастап «Роспечать» каталогына енгізілген, Ресейде тұратын қазақ оқырмандары газетке осы каталог арқылы жазылып, оқи алады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK