Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды
Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды.
Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.
Айта кету керек, құрылтайдың панельдік сессиялары кеше басталған. Ол секциялардың тақырыптары азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қамтыды.
https://kaz.inform.kz/news/burabayda-ulttik-kuriltaydin-ivotirisi-bastaldi-30b990/
Қала әкімі «Солтүстік-Батыс» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті
Қала әкімі Ернат Бәзіл «Солтүстік-Батыс» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, олардың уәждерін тыңдады. Қала басшысымен кездескен тұрғындар орталықтандырылған кәріз және ауыз су желілеріне қосу, көшелерге түнгі жарық орнату, сондай-ақ балалар алаңын қарастыруды сұрады. Өз кезегінде қала әкімі Ернат Бәзіл аталған «Солтүстік-Батыс» тұрғын алабында орталықтандырылған ауыз суға қосу үшін жоба жасалып жатқандығын және кәріз желілерін салу үшін қосымша тексеріс жұмыстарын жүргізу...
Амал күні келіпті, Наурыз басын тойлайтын
Күн мен түн теңелер Наурыз мерекесін ата-бабаларымыз сан мыңдаған жылдардан бері атап өтіп келеді. Тіршілік атаулының жаңа парағы ашылатын бұл кезең жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы. Салт-дәстүріміз кеңінен дәріптеліп, ұлттық ойындарымыз ұлықталатын мейрамды халқымыз ерекше сән-салтанатымен өткізген. Наурыз мерекесінің қарсаңында бастау алатын Көрісу күнін Жетісу жұртшылығы айрықша атап өтті.
Мұны «Амал мерекесі» деп те атайды. Бұл күні адамдар таң ата...
Наурызнама: Талдықорғанда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау басталды
Облыс орталығы Талдықорған қаласында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына дайындық басталып кетті. Наурызнама бойынша 10 күн тойланатын мейрам биыл да ерекше форматта тойланып, 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылмақ.
Алдағы Наурыз мейрамы 2025 мерекесіне арналған дайындықтар өте ауқымды және қызықты болмақ. Мереке аясында қала орталығы мен саябақтар арнайы безендірілетін болады. Бұл жұмыстар 10-14 наурыз аралығында жүзеге асырылады. Биылғы мереке орталық алаңда ерекше...
Береке-бірлік мейрамы – Көрісу күні
Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген....
Жетісу облысында Наурызды мерекелеу аясында 240-қа жуық іс-шара өткізіледі
Жетісуда Наурызнама онкүндігін мерекелеу аясында облыс көлемінде 240-қа жуық түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, өңірде 5 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады, қайырымдылық және экологиялық акциялар, әлеуметтік марафондар өткізіледі, концерттер, спорттық жарыстар, көрмелер ұйымдастырылады, сол сияқты 60 отбасына жаңа үйлердің кілті беріледі. Бұл ретте отбасы институтын, ұлттық мәдени дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлінбек.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама...
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Амал күніне орай құттықтау жолдады.
"Құрметті отандастар!
Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.
Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп,...
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
2025 жылы еліміздің барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында «МХҚКО жеке менеджері» сервисі іске қосылды. Аталған сервис қызмет алушыларды басым кезек бойынша қабылдауға мүмкіндік береді, бұл күту уақытын едәуір қысқартады.
Жеке менеджер сервисін қолдану үшін МХҚКО ресепшніне жүгіну керек. Ол азаматтарды кезектен тыс қабылдап, көлік құралдарын тіркеу, есепке қою және есептен шығару, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру секілді қызметтер бойынша...
Енді 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы eGov Mobile мобильді қосымшасында алуға болады
eGov Mobile қосымшасында анықтаманы қалай алуға болады?
- Қосымшада авторизациядан өтіп;
- «Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдап;
-«Көлік басқаруға рұқсат туралы медициналық анықтама (№ 073/е) беру» қызметін таңдап;
- Face ID/Touch ID көмегімен қол қойыныз.
Қызмет eGov.kz порталының «Азаматтарға» - «Көлік және коммуникациялар» - «Автомобильдік көлік» бөлімінде де қолжетімді.
Өтінімді тапсырған соң, анықтама жеке кабинетте PDF форматында қолжетімді болады және оны алған сәттен бастап...
Жетісуда пияз өңдеу зауыты салынады
Жетісудың жері байтақ, егін және мал шаруашылығымен еркін айналысуға болады. Мұны ескерген шетелдік инвесторлар түрлі ұсыныс жасап жатыр. Мәселен, қытайлықтар пияз өңдеу зауытын салуды көздесе, Өзбекстан ет экспорттауға қызығушылық танытқан. Айырқалпақты ағайын өнеркәсіп өндірісі, жасыл энергетика, туризм саласына инвестиция құюды құп көреді.
Таяуда облыс әкімі Бейбіт Исабаев көрші мемлекеттерден келген бірнеше инвестормен кездесіп, ұсыныс-тілегін қуаттады. «Qingdao Wanlin Food Co., Ltd»...





























