Қала әкімі Ернат Бәзіл «Солтүстік-Батыс» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, олардың уәждерін тыңдады. Қала басшысымен кездескен тұрғындар орталықтандырылған кәріз және ауыз су желілеріне қосу, көшелерге түнгі жарық орнату, сондай-ақ балалар алаңын қарастыруды сұрады. Өз кезегінде қала әкімі Ернат Бәзіл аталған «Солтүстік-Батыс» тұрғын алабында орталықтандырылған ауыз суға қосу үшін жоба жасалып жатқандығын және кәріз желілерін салу үшін қосымша тексеріс жұмыстарын жүргізу жоспарланғандығын айтты. Сондай-ақ, биылғы жылы тұрғын алабын толық түнгі жарыққа қосылатындығын мәлімдеді. Сонымен қатар, тұрғындардың көтерген барлық мәселелеріне қатысты қала басшысы жауаптыларға тиісті тапсырмалар беріп, қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі