Алакөл ауданында «Көктем-2026» сарбаздары зиялы қауым өкілдерімен кездесті

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Көктем-2026» шақырылым сарбаздары зиялы қауым өкілдерімен кездесу шарасына қатысты.

Кездесуге жас ақын, жазушы, аудармашы А.Сүлеймен, ҚР Шеберлер одағының және ҚР саз аспаптары одағының мүшесі, түркі әлемінің музыкалық аспаптарын жасаушы шебер Е.Тұрсынұлы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Алакөл ауданы ұлттық спорт федерациясының президенті А. Нұрланұлы, сондай-ақ «Алакөл медиа» ақпараттық-танымдық сайты мен «Алакөл ТВ» телестудиясының негізін қалаушы Н.Меңдібайұлы қатысты.

Іс-шара барысында қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға рухани-мәдени құндылықтар, шығармашылық ізденіс және салауатты өмір салты туралы ойларын жеткізді. Сонымен қатар, сарбаздарға елге адал қызмет етудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз