Еліміздің дамуы үшін айқын шешім
Тимур Жантикин, «Қазақстан атом электр стансалары» ЖШС бас директоры:
– «Қазақстанда АЭС салу еліміздің индустриялық дамуы үшін қажетті айқын шешім болып табылады. Бұл сондай-ақ, барлық салаларға оң мультипликативті әсер етеді. Бейбіт ядролық технологияларға көшу экологиялық мәселелерде тұрақты дамуға ықпал етеді. Атом электр стансасын салу туралы шешім қабылданған жағдайда, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Осылайша, құрылыс 8 мыңға дейін адамды жұмыспен...
Департаментпен қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Департаментке бұзылған құқықтарды қалпына келтіру туралы өтінішпен азамат Е. Мұсахан жүгінді.
Автор өз өтінішінде Алакөл ауданы Архарлы ауылдық округі әкімі аппаратының «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»...
Талдықорғанның «Тіл шебері» анықталды
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, Талдықорған қаласының 80 жылдығына орай «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ бірлесіп ұйымдастыруымен «Тіл шебері - 2024» қалалық байқауы өтті. Талдықорған жоғары медициналық колледжінің директоры Жансеңгіров Серік Максимұлы қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал, колледждің білімгерлері «Шашу» биін билеп, қонақтарға шашу...
Олжас Бектенов агробизнес өкілдерімен Президент жолдауы аясында АӨК қолдау шаралары мен астық жинау науқанының барысын талқылады
Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді, онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар қаралды.
Кездесу барысында АӨК субъектілерін ұзақмерзімді мемлекеттік қолдау тәсілдері қаралды.
«Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында кәсіпкерліктің дамуы...





























