Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі мен мектеп-гимназия арасында меморандумға қол қойылды

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы подполковник Б.Атибаев пен Б.Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназия директоры М.Сопиев «Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу» аясындағы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының өзара ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.

Аталған құжат жасөспірімдер арасында патриоттық тәрбиені күшейтуге, әскери қызметке қызығушылықты арттыруға және «Жас шекарашы» клубы қызметін дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, тәрбиелік және танымдық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу көзделген.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз