Еуропалық иммундау апталығы

339

2025 жылдың 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Барлығы үшін иммундау – адамның қолынан келеді» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммундау мәселелеріне назар аударту үшін  Еуропалық иммундау апталығын 2005 жылдан бастап жүргізуде. Бұл шара жыл сайын сәуір айының аяғында, тұрғындардың ақпараттандыру деңгейін жоғарылату және барлық Еуропа аймағында иммундауды жандандыру мақсатында жүргізіледі.

Еуропалық иммундау апталығының мақсаты иммундау арқылы барлық жастағы адамдарды сырқаттанушылықтардан қорғау болып табылады. Иммундау миллиондаған адамның өмірін сақтап қалады және экономикалық жағынан өте тиімді шара болып табылады.

Бүгінгі күнге жұқпалы аурулардың алдын алуда денсаулық сақтау саласының басты бағыты вакцинация болып табылады. Иммундау арқылы жұқпалы аурулардан қорғану ұзақ жылдардан белгілі. Тиімді және қауіпсіз вакцинаны қолдану нәтижесінде эпидемияға, өлім жағдайына алып келетін бірқатар ауыр жұқпалы аурулардың жойылуына қол жеткізілді, жұқпалы ауруларға қарсы ұжымдық иммунитет және тұрғындардың эпидемиялық салауаттылығы қалыптасты.

Бірнеше жылдар бойы Жетісу облысында тұрғындардың екпемен жоғары қамтылуының нәтижесінде дифтерия, полиомиелит, сіреспе сырқаттанушылықтары тіркелген жоқ. Қызамық, жіті вирустық «В» гепатиті, эпидемиялық паротит сырқаттанушылықтары еселеп төмендеген.

Бірақ көптеген ата – аналар екпелерді медициналық қызметкерлермен формальды түрде жасалады деп бағалайды, көбінесе сауықтыру сипатында қарамайды, оның салдары негізсіз екпеден бас тартуға әкеліп соқтырады. Барлық ата – аналар өз балаларының салуаттылығы мен денсаулығы үшін алаңдайды, осындай қағида вакцинопрофилактика үшін де салауатты өмір салты ретінде негізгі болып қалыптасуы тиіс. Ата – аналардың өз балаларының денсаулығына белсенді көңіл бөлуі және медициналық қызметкерлермен тығыз байланыста болуы вакцинопрофилактика үшін сенімді көз қарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Әр – түрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакциналарға бөлінген  шығындардың эпидемиологиялық тұрғыдан тиімділігі дәлелденген, яғни сырқаттанып емделгенге қажетті шығыннан шамамен 10-нан 1000 есеге дейін төмен.

Иммундау апталығы шеңберінде егілусіз қалып жатқан басқа республикалардан, аймақтардан келген, тіркеусіз (оның ішінде саяжайларда), заңсыз тұрақтаған халық топтарын, дін қауымдарының мүшелерін анықтап  жұқпалы сырқаттанушылыққа қарсы жоспарлы иммундауға медициналық ұйымдарға есепке алу шаралары ұйымдастырылады. Тұрғындар арасында вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы, иммундауға сенімді көзқарасты қалыптастыру және Қазақстан Республикасының «Ұлттық күнтізбесіне» сәйкес жастарына байланысты егумен толық қамту жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.

Балаңызды қазір ектіру арқылы, Сіз тек сырқаттанушылықтың пайда болуының алдын алып қана қоймай, ауыр асқынулардан сақтап қаласыз, бұл өте маңызды. Ұлттық күнтізбеге енгізілген иммундау жүргізілетін барлық жұқпалы аурулардың адам өміріне және денсаулығына тікелей қаупі бар. Мысалы полиомиелит өмір бойына сал болып қалумен, дифтерия – сал болу және миокардитпен, эпидемиялық паротит – бедеулік және қант диабетімен, В гепатиті – цирроз және бауыр обырымен, қызамық жүктілік кезінде – ұрықтың туа пайда болған зақымдалуымен қауіпті. Сіреспеге қарсы егілмеген ересектер мен балалардың болмашы зақым алуы (травма) өлім жағдайына әкелуі мүмкін. Туберкулез жұқпасына қарсы егілмегендерде ауру асқынып, мүгедектікке соқтыратын туберкулездің ауыр түрімен сырқаттану қаупі жоғары.

Сырқаттанбай тұрып, балаңызға қазір көмектесіңіз! Оның болашақ өмірін қауіпсіз етіңіз, өзіңізге дені сау немерелердің болу қауанышын силаңыз! Иммундау апталығы – өз балаңызды және өзіңізді бүгін қорғаудың мүмкіндігі!

 

Асхат Чарапиев, Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз