ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен басқарма аймағындағы обелисктерде, ескерткіштер мен аллеяларда тазалық және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара тарихи мұраларды сақтау, қоршаған ортаны абаттандыру және әскери қызметшілердің жауапкершілік мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында нысандардың аумағы тазартылып, абаттандыру және қалпына келтіру шаралары атқарылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























