Панфилов ауданында «Жас шекарашы» клубы бойынша меморандумға қол қойылды

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы полковник А.Ташимов Жаркент орта мектебінің директоры А.Дарубаевамен «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы аясындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған құжат өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери қызметке қызығушылықты арттыру және жастармен жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған.

Меморандум шеңберінде бірлескен тәрбиелік, танымдық іс-шараларды ұйымдастыру және «Жас шекарашы» клубының қызметін дамыту көзделген.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз