ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында Жетісу облысы Діни басқармасының бас маманы Қ.Мүтебаев «Діннің теріс ағымдары» тақырыбында сабақ өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және мұндай ықпалдардың алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен дұрыс діни түсінікті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Сабақ жеке құрамның діни сауаттылығын арттыруға және экстремистік идеялардың алдын алуға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























