ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Радиотехникалық бақылау пунктінде қазақтың ұлы ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған танымдық сабақ өтті.
Іс-шараны Мемлекеттік тіл басқармасының қызметкерлері Қ.Барат пен Б.Асубаева ұйымдастырды. Танымдық сабақ барысында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі кеңінен талқыланды. Қатысушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, қара сөздерінің тәрбиелік мәні мен терең философиялық ойларына талдау жасады.
Бұл танымдық шараның мақсаты – жеке құрам арасында мемлекеттік тілді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды ұлықтау және Абай мұрасын насихаттау болды. Қатысушылар шарадан рухани әсер алып, Абай шығармашылығының мәңгілік маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























