0.8 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 12 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 266

Акция: Назар аударыңыз және сақ болыңыз!

«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «ҚОС ҚАНАТ ЖЕТІСУ» ҚБ ұйымдастыруымен  алаяқтықтың алдын алу бойынша акция өтті. Іс-шара «Ж.Үшкемпіров атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»КММ базасында жас  спортшылар арасында өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының бір тармағында   цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың...

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Береке» коттеджді қалашығына барып, құрылыс нысандарында тексеру жұмыстарын жүргізді

Бүгінгі күні аталмыш аймақта басталған жұмыстардың жартысынан көбі аяқталып, ішін тазалау жұмыстары қалған. Өз кезегінде қала басшысы тұрғын үйлердің сапасы, газ, сумен жабдықтау желілерінің құрылыс барысын көріп, жауаптыларға жұмыстарын әрдайым бақылауда ұстауды тапсырды. «Ағымдағы жылы мердігер компаниямен шартқа отырып, сараптамадан өтіп, коттедж қалашығын ретке келтіру жұмыстарын бастадық. Қазіргі күні жүйелі жұмыстардың арқасында аталған аймақта ауқымды жұмыс басталып, әлі де...

Берік АСЫЛОВ, Бас прокурор: Жоғары қадағалау – абыройлы міндет

Жыл сайын 6 желтоқсанда елімізде Прокуратура күні атап өтеді. Өйткені 1991 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының жоғары қадағалау органының жүйесі бекітілген еді. Тәуелсіздік жылдары прокуратура қоғамда заң мен құқықтық тәртіпті нығайтуда мемлекет тірегіне айналды. Биыл прокура­тура халықты әлеуметтік қорғау, жеке кәсіпкерлер мен инвесторлардың, экономикалық сектордағы азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғау, заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару, қылмыстық істерді тергеу,...

Ел мүддесі жолындағы тарихи кезең

Халық пен билік арасындағы алтын көпір саналатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарына биыл 30 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай Талдықорған қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Талдықорған қалалық мәслихаты халық игілігіне еңбек етіп, жергілікті өкілетті органға айналды. Құрметті халық қалаулылары! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында халықты қолдау және оның мүдделерін қорғау біздің басты міндетіміз,- деп  атап өткен...

Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны көбейтуге дейін: 2024 жылы Үкіметтің әлеуметтік қолдауының негізгі шаралары

Әлеуметтік төлемдер мен жалақыны арттыру, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын жаңғырту. 2024 жылы қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикалық даму стратегиясының негізінде азаматтардың мүддесі болуы қажет екені атап өтілді. 2024 жылы Үкімет бұл бағытты маңызды әлеуметтік бастамалармен жүзеге асыруды жалғастырды. Primeminister.kz сайтының редакциясы қазақстандықтардың өмір сүру...

Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында бірнеше басым бағыттарға тоқталды.  Президенттің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұсынғалы бес жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгерте алдық деп ойлаймын.  Тұрғындардың пікір білдіруі, мәселен, қала әкімі тұрғындарды қабылдауы, кездесіп тұруы жақсы үрдіс.  Онда...

Бейбіт Исабаев Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданына барған жұмыс сапары аясында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Халықпен кездесуде баяндама жасаған Бейбіт Исабаев әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған шараларға, облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы ауданның қосқан айрықша үлесіне назар аудара отырып, өңірдің алдағы жоспарларына, басқа да негізгі бағыттарға тоқталды. Аудан басшылығының алдына жер қатынастарына қатысты бірқатар міндеттер қойды, атап айтқанда жердің мақсатты пайдаланылуын бақылау,...

Жетісу облысында Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жол құрылысы келесі жылы басталады

Жетісу облысының ең негізгі табиғи әрі туристік көрнекті жерлерінің бірі – Бұрханбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы келесі жылы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. - Ескелді ауданы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Осы жылдың 10 айында туристерді қабылдайтын нысандарда 41 мың адамға қызмет көрсетіліп, соның ішінде ақылы қызмет көрсету көлемі 25 млн. теңгеге...

Мемлекет басшысы One Water саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының астанасында өтіп жатқан One Water саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы аталған іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Францияға, Сауд Арабиясына және Дүниежүзілік банк тобына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ жиынды Рияд қаласында бірлесіп өткізген Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазизге және Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудқа алғыс айтты. Қазақстан Президенті...

Өңірде мемлекеттік аудит нәтижесінде 1,4 млрд теңге қаржылық бұзушылық анықталды

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың алғашқы 10 айында белсенді жұмыс атқарып, мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және қаржылық заңдылықтардың сақталуын бақылау бойынша бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырды. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Мұсаұлы баяндады. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Жетісу облысы бойынша Ішкі...