2019 жылы 14 қарашада Талдықорған қаласында мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қалдықтарды бөлек жинауды енгізу бағдарламасы іске қосылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Тестілік іске қосу 4 ғимаратта орналасқан 25 басқарма мен бөлімдерді қамтыды, оның ішінде Алматы облысының әкімдігі, Талдықорған қаласының әкімдігі, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы және т.б., сонымен қатар 5 мектеп (НЗМ, БИЛ, №15, 20, 24) бар.

Барлық басқармалар үшін ECO Network компаниясының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов жалпы презентация өткізіп, елдегі жалпы экологиялық жағдай мен қалдықтарды бөлек жинау маңыздылығын түсіндірді.

Жалпы презентацияны өткізгеннен кейін екі күн ішінде ECO Network мамандары мен экотренерлері мемлекеттік мекемелер және мектептерде Жасыл кеңсе жобасын енгізу жұмыстарын жүргізді. Жеке компаниялардан аталған жобаға қосылу туралы сұраныстар келіп түсті.

Ұйым қызметкерлері қалдықтарды сұрыптап тастаудың тиімділігін атап өтті. Бұл бастама халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін шара болмақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK