Ашықтық пен икемділік: Қазақстан шетелдік мамандар мен инвесторлар үшін жаңа ережелер енгізіп жатыр

3
Screenshot

Премьер-министрдің орынбасарыМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының көші-қонсаясатын жетілдіру туралы Жарлығын іскеасыру аясында Үкіметтің жаңа тәсілдерінтүсіндірді. Оның айтуынша, бұлжай ғанаөзгеріс емес, толыққанды трансформация. Яғни бұрын негізінен әкімшілік функцияғасүйенген жүйе енді экономикалықдамудың құралына және ұзақ мерзімдімемлекеттік стратегияның бір бөлігінеайналмақ.

Біз күрделі әрі көп жағдайдашектеулерге негізделген жүйеден бас тартып, ашық әрі икемді модельгекөшеміз, – деді Аида Балаева реформаның негізгі бағытын айқындап.

Негізгі мақсатотандық экономикағақажет мамандар үшін түсінікті әріболжамды жүйе қалыптастыру. Шетелдікмаман немесе инвестор елге еркін кіріп, кәсіби тұрғыда өзін толық жүзеге асырып, қоғамға жайлы бейімделе алуы тиіс. Үкімет бұл мәселені кешенді, жүйеліміндет ретінде қарап, барлық атқарушыбилік деңгейлерінің үйлесімді жұмысынталап ететін бағыт деп бағалайды.

Аида Балаева атап өткен алғашқымаңызды қадамкөші-қон саласындасервистік мемлекет қағидатынқалыптастыру. Мемлекеттік рәсімдербарынша жеңіл, ашық әрі қолжетімдіболуы керек.

Мәртебені рәсімдеу, жұмысқа рұқсаталу және оған байланысты барлықпроцедуралар әртүрлі мекемелерге қайта-қайта жүгінуді қажет етпейтін, бірыңғайжүйе арқылы жүзеге асуы тиіс, – дептүсіндірді Аида Балаева.

Бұл бағытта «бір терезе» қағидатынкеңейту және негізгі үдерістердіңбарлығын цифрландыру көзделіп отыр.

Екінші тәсілбюрократияны азайтып, әкімшілік рәсімдердің тиімділігін арттыру. Өтініштерді қарау мерзімі қысқарып, рәсімдер оңтайландырылады, бақылаудың цифрлық құралдарыенгізіледі.

Бұл азаматтар үшін де, мемлекетүшін де шығындарды азайтуға мүмкіндікбереді, – деді Аида Балаева.

Үшінші бағытадами капиталдыбасқарылатын түрде тарту моделіне көшу. Мұнда «Алтын виза» негізгі құрал ретіндеқарастырылып отыр. Ол инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін тұрақты әріұзақ мерзімді жағдай қалыптастыруғабағытталған.

Өндіріс немесе инфрақұрылымсаласында жобаны жүзеге асыратыншетелдік инвесторға елде тұрақты жұмысістеуге және қызметін жүргізуге қолайлыжағдай жасалады. Ал инженерия, IT немесе медицина саласындағы мамандарүшін елде заңдастырылып, жұмыс істеурәсімдері жеңілдетіледі, – деп мысалкелтірді Аида Балаева.

Реформаның төртінші маңызды бағытыкәсіби біліктіліктерді тану рәсімдерінжеңілдету арқылы еңбек нарығыныңикемділігін арттыру. Бұл, әсіресе, маман тапшы және жоғары технологиялықсалаларға қатысты. Біліктілікті растаумерзімі бірнеше айдан әлдеқайда қысқауақытқа дейін қысқартылады, бірақ сапа мен қауіпсіздікке қойылатын барлықталаптар сақталады.

Сонымен қатар мемлекет реттеудеңгейін төмендетпейді.

Барлық реформаларинституционалдық тұрақтылықты күшейтужәне цифрлық бақылауды дамытуаясында жүзеге асырылып жатыр. Реттеубұрынғыдан да дәл, нақты әрітехнологиялық сипатқа ие болады, – депатап өтті Аида Балаева.

Стратегиялық тұрғыда бұл ЖарлықҚазақстанның инвестиция, технология және адами капитал үшін жаһандықбәсекедегі позициясын күшейтугебағытталған. Бұлбілімге негізделгенэкономиканы қалыптастыру және елдіңсапалы өсімін қамтамасыз етугебағытталған ауқымды міндеттің бір бөлігі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз