QAZAQSHA MIBATTLE: DOSTYQ CUP-2025

272

QAZAQSHA MIBATTLE: DOSTYQ CUP-2025
Мектепаралық зияткерлік турнирі сәтті өтті!

Бұл турнир — жастардың қазақ тілінде еркін ойлап, сауатты пікір білдіруіне мүмкіндік беретін зияткерлік алаң. Шара достық, тіл, білім мен логика тоғысқан тартысты сайыс форматында өтті.

Жалпы саны 15 команда өзара білім, тапқырлық, шебер пікірталас пен шешендік өнерде бақ сынасты.

ЖЕҢІМПАЗДАР:
1 орын— «Баурсаки»
2 орын— «НИШтяк»
3 орын— «Кот Шридингера» командалары марапатталды.

Барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Турнир жастар арасында зияткерлік бәсекелестік мәдениетін қалыптастыруда ерекше рөл атқарды. Сонымен қатар, командалар арасында достық байланыс орнап, ортақ мақсаттар жолында жаңа серіктестік бастау алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз