Сарбаздармен далалық ату сабағы аяқталды

411

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Кәсіптік және техникалық-дайындық бөлімінде «Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілерімен жоспарға сәйкес оқу-жаттығу кезеңі сәтті аяқталды.
Әскери қызметшілермен ату дайындығы, дене шынықтыру, инженерлік дайындық, жаппай қырып-жою қаруларынан сақтану, сондай-ақ Шекара қызметінің тактикасы бағыттарындағы дайындық сабақтары өткізілді. Сабақтар барысында сарбаздар жауынгерлік шеберліктерін арттырып, кәсіби дағдыларын нығайтып, шекарашыға тән төзімділік пен тәртіптілікті қалыптастырды.
Кешенді оқу процесінің нәтижесінде мерзімді әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғау жөніндегі міндеттерді сапалы орындауға дайын екенін көрсетті. Бұл дайындық кезеңі – болашақ шекарашылардың жауынгерлік қабілетін шыңдап, олардың қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқаруға деген сенімділігін арттырды.

                                ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз