Шаңғы жарысынан Талдықорған қаласының ашық чемпионаты өтеді
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!
Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қаңтардың 19 күні сағат 10:00-де, Шаңғы жарысынан ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасында Талдықорған қаласының ашық Чемпионаты өтеді.
Аталмыш жарысқа тіркелу сағат 9:00-де жүргізіледі.
Шаңғы жарысымен қоса «Көңілді старт - эстафета» ойындары да ұйымдастырылады.
Жарыс бойынша сұрақтар: +7 775 069 3270 Бауыржан
Келіңіздер, көріңіздер, қатысыңыздар!
Талдықорған қаласының «Оңтүстік-Батыс» ауданында жаңа саябақ пен сквер салынады
Облыс орталығы Талдықорған қаласы жыл санап кең етек жайып, халық саны да артып келеді. Осыған орай, тың жобалар қолға алынып, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.
Әсем қаламыз Талдықорғанда соңғы он жыл көлемінде ірге тасы қаланып, бой түзеп жатқан жаңа шағын аудандар көбеюде. Бүгінде жаңа аудандарға әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, жол инфрақұрылымы, инженерлік желілер ретке келтіріліп, қазіргі...
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты.
«Отбасы банкін» даму институтына айналдыру және саланы одан әрі дамыту...
Қысқы Универсиада: 17 қаңтарда ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі
Бүгін, 17 қаңтарда Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың төртінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, парашаңғы, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккейден сынға түседі.
Шаңғы жарысында спринттен 1400 метрге қашықтықта ел құрамасынан қыздарда Лаура Қыныбаева, МарияГеращенко, Елизавета Толмачёва, Алеся Бочкарёв, ерлерде Ернұр Бексұлтан, Әмірғали Мұратбеков, Ілияс Исабек, Нартай Тұрлыбекұлы, Сұлтан Базарбеков және Святослав Матасов сайысқа түседі.
Ал парашаңғы жарысында спринттен...
Жетісу облысында жыл соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5%-ға жетеді
Жетісу облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% немесе 331 елді мекенге жетеді.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша қазіргі кезеңде өңірде 321 ауылды қоса алғанда, 358 елді мекеннің 327-сі немесе 91,3 пайыз орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
- Өткен жылы сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша 9 жаңа және 13 өтпелі жобаны...
Жетісу облысында оңалту орталығы ашылды
Жетісу облысында 3 пен 18 жас аралығындағы неврологиялық диагнозы бар балаларды кешенді оңалтуға бағытталған «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Бұл шара Мемлекет басшысының мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бойынша маңызды әлеуметтік міндетті шешуге үкіметтік емес секторды тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылды.
Оңалту орталығы Сарқан аудандық ауруханасының ғимаратында ашылды. Бірқатар қоғамдық қордың демеушілігінің арқасында және бюджеттен қаржы бөлініп, орталық аурухана...
2025 жылы бюджет қаражаты есебінен 115,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1472 пәтер құрылысы жүргізілуде
2025 жылы бюджет қаражаты есебінен 115,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1472 пәтер құрылысы жүргізілуде. Жетісу облысының құрылыс басқармасы Президенттің әрбір қазақстандықтың қолайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын орындау бойынша қажетті жұмыстарды атқаруда.
Мемлекеттік бағдарламалармен қатар, жеке құрылыс компаниялары да қолжетімді тұрғын үй жобаларын іске асырып келеді. Демеушілер есебінен тұрғын үй құрылысы да жүргізілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік...
2025 жылға 306,4 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда
Жетісу облысында 2025 жылға 306,4 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда. Жетісу облысының құрылыс басқармасы Президенттің әрбір қазақстандықтың қолайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын орындау бойынша қажетті жұмыстарды атқаруда.
Мемлекеттік бағдарламалармен қатар, жеке құрылыс компаниялары да қолжетімді тұрғын үй жобаларын іске асырып келеді. Демеушілер есебінен тұрғын үй құрылысы да жүргізілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтары санатындағы...
Хабарландыру! Жаңа вакансия!
Әдеп- құқық жұмысы жөніндегі менторлыққа қала, аудандар бойынша вакансиялар жарияланады.
❗️Үміткерлерге қойылатын талаптар: педагогика, психология, әлеуметтану, саясаттану, құқық, журналистика сынды мамандықтар бойынша жоғарғы білімі бар және қоғаммен байланыс, азаматтық позиция, волонтерлік, қоғам белсендісі сияқты дағдылары болуы тиіс.
📨 Жұмысқа өтінім бойынша түйіндеме 2025 жылдың 24 қаңтар күні сағат 18:00-ге дейін zhetysumentor@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.
📲 Қосымша сұрақтар бойынша:
8 705 762 6121...
Өмірдің әр сәтін бағала
Өмір – әлемдегі ең қымбат дүние, ал оны тиімді өткізу – әр адамның басты міндеті. Алайда, қазіргі заманның қарбалас өмірі мен түрлі қиындықтары адамның денсаулығына және психологиялық жағдайына да әсерін тигізеді. Осы жағдайда, өзіңізге күтім жасау, денсаулықты нығайту және ақыл-ойды тыныштандыру өте маңызды.
Өмірдегі балансты сақтаудың негізі – бұл физикалық және психологиялық денсаулықты сақтау. Дене белсенділігіне көңіл бөлу, дұрыс тамақтану,...





























