Талдықорғанда Н.Островский атындағы № 8 орта мектептің базасында қысқы Президенттік көпсайысы өтті. Аталмыш жарысқа 15 мектеп командасы, 180 оқушы қатысты, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Көпсайыс ережесіне сәйкес, спортшылар шаңғы жарысынан, пневматикалық қарудан атудан және күштік жаттығулардан (кермеге тартылу, жатып денені көтеру) жарысты.

Жарыс қорытындысы бойынша өзгелерден озық шыққан № 8 орта мектептің оқушылары бірінші орынды ұтып алды. Ал, № 12 мектептің білімгерлері екінші орыннан көрінсе, үздік үштік № 7 мектепке бұйырды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен, медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK