Сарқан ауданы Лепсі ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» акциясы өткізілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Аталған шара барысында Лепсі өзенінің сағасы тазартылып, қоршаған ортаны қорғау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Акцияға ауыл тұрғындары, еріктілер, жастар және белсенді азаматтар қатысып, жалпы саны 50-ге жуық адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарын жүргізуге 2 техника тартылып, нәтижесінде өзен жағалауынан 15 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Өткізілген шара өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялауға және тазалықты сақтауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.





























