Парентеральдық вирустық гепатиттер

273

Парентеральдық вирустық гепатиттервирустарымен шақырылатын жұқпалы ауру. Паренетеральдық гепатиттермен сырқаттанған кезде көбінесе бауыр тіндері зақымдалады.

Жұқпа көзі болып табылатын адамның барлық биологиялық сұйықтықтарында вирус болады: қан, шәует, вагинальды сөл. Вирус аздаған мөлшерде сілекейде, зәрде, ана сүтінде, терде, өтте болады.

Парентеральдық вирустық гепатиттердің жұқпа көзі жіті, созылмалы гепатиттермен сырқаттанған адам немесе аурудың клиникалық белгілері білінбейтін вирус тасымалдаушы.

Медициналық қызметкерлер және кәсіби қызметі көбінесе қан және оның компоненттерімен, биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеуімен байланысты басқа қызметкерлер, сонымен қатар бірнеше рет медициналық манипуляциялар мен араласулар болған адамдарда жұқпамен зақымдалу қаупі жоғары.

Парентеральдық вирустық гепатиттер беріледі:

ағзалардың трансплантациясы және қан құю кезінде;
залалсыздандырылмаған  медициналық (катетрлер, инелер) және косметикалық (татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр) аспаптарды қолдану кезінде;
жаралар, кішкене жарақаттар, шырышты қабық арқылы организмге қанның тікелей түсуі кезінде;
тіс щеткаларын, қырыну заттарын, жөке, орамалдарын бірге қолдану кезінде;
қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде;
жүктілік және босану, ана сүтімен қоректену кезеңінде ауру анадан  балаға жұғуы.

«Гепатиттердің барлық түрлерінде аурудың негізгі белгілері: тамаққа тәбетінің болмауы, сарғыштану, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, қалтырау, іштің ауруы, нәжістің түссізденуі, зәрдің күңгірттенуі (сыраның түсіндей). Гепатитпен сырқаттану кезінде сарғаю белгісінің болуы міндетті емес. Гепатит көбінесе әлсіздікпен немесе ешқандай белгісіз өтеді. Гепатиттерді диагностикалау үшін қазіргі уақытта зертханалық ИФТ және ПТР тәсілдерімен анықтау маңызды болып табылады», — дейді Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

Парентеральдық вирустық гепатиттердің алдын алуында сақтық шараларының сақталуы мен қарапайым гигиена маңызды:

жеке бас гигиена заттарын өзге адамның қолдануына рұқсат бермеу және өзге адамдікін қолданбау;
тұрмыста тазалық ережелерін қатаң сақтау (жеке қолданатын заттарының болуы, тазалау жұмыстарына қолғап, арнайы киімнің болуы);
залалсыздандыру және зарарсыздандыру ережелерін талап ететін, тері және шырышты қабығының зақымдануымен байланысты манипуляцияларды үй жағдайында жасауға тыйым салу;
қанмен байланысты болдырмас үшін өткір заттармен жұмыс жасаған кезде стандартты сақтану шараларын міндетті түрде сақтау;
бір ғана сенімді адаммен жыныстық қатынаста болу,жыныстық қатынаста мүшеқапты қолдану;
«В» және «С» гепатиттерімен қарым-қатынаста болғандарға жұқпаны уақытында анықтау үшін зертханалық тексеруден өтуі қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз