Жетісуда алдағы жылдарда қайта өңделген аграрлық өнімнің үлесі 80%-ға дейін жеткізіледі
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын өңдеу үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 49%-дан 68%-ға өсті. Жоспарымыз 80%-ға жету. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мәселен, Ақсу қант зауыты толық модернизациядан өтіп, қайта іске қосылды. Майлы дақылдарды қайта өңдейтін «Жетісу Мажико Агрокешені» (100...
Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді
Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты тақырыбы — балалар мен жастарды есірткіден қорғау болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиналыс ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылды. Бұл жиында ресми баяндаманың орнына ашық диалог болды, құрғақ статистика орнына нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар...
Жетісуда соңғы үш жылда пайдаланылмаған 712 мың га жер қайта айналымға енгізіліп, тағы 603 мың га мемлекетке қайтарылды
Жетісу облысында 2022-2025 жылдары 1,3 млн. гектар тұрақты пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталды. 712 мың га жер қайта айналымға енгізілді, 603 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы айналымына 431 мың га тартылды. Қалған 172 мың га жер келесі жылдың 1-жартысында айналымға тартылады. Бұл жайында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі...
Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады
Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған. Солардың қатарында Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады. Бұл «Жасыл Жетісу» ЖШС жеке инвесторымен бірлескен жоба болмақ. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының...
Бейбіт Исабаев: «Жетісу облысында биылғы он айда барлық салаларда тұрақты өсім бар»
Жетісу облысы 2023-2024 жылдары жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі бойынша республикада үздік шықты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнім көлемі 2,2 трлн. теңгеге жетіп, 14,8% ұлғайды. Биылғы жылдың соңында жалпы өңірлік өнім 2,7 трлн. теңге болады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз...
Заң үстемдігі – қоғам игілігіне
Мемлекет басшысының әр Жолдауы – Қазақстанды жаңа дәуірге бастайтын тұтас стратегиялық бағдар. Алайда бұл жолғы Жолдауында ел Президенті Қ. Тоқаев жаңа дәуірдегі Қазақстанның цифрлық болашағын айқындағандай. Ел бағытын жаңа технологиялар мен жасанды интеллектке сүйенген жаңа өркениеттік жолға бұруды көздеп отыр.
Жолдау – тек тапсырмалар тізімі емес, қоғамды жаңғыртудың кешенді жоспары, алдағы жылдарға ұлттық идеяның айқын көрінісі. Дейтұрғанмен, Президент қандай жарқын...
AI адамға қауіп пе, мүмкіндік пе?
Сандық әлем. Киберкеңістік. ІТ технология. АІ құбылыс. Біз өмір сүріп жатқан дәуір осылай аталады. Техникалық һәм өркениеттік бум орын алған текеметтей түрленген заманда біздің бағыт осы. Доңғалақ ғылыми жаңалық болудан қалған кезде сол жолмен жүрмеуге һәм бармауға болмайды. Мәжбүрлі жүреміз және мәжбүрлі барамыз. Өйткені әлем сонда барады. Адам сонда барады. Алуан-алуан «жемісі», қыруар-қыруар «егісі» бар ІТ көштен қалмауға Мемлекет...
Мәдениет – туризмнің күре жолы
«Бұл – жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуы. Осы салаға бұрынғыдай айрықша мән береміз, тиісті инфрақұрылымды саламыз және қажет болса жөндеуден өткізіп, қалпына келтіреміз. Өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелге паш етіп жатыр. Бұл – құрметке лайық жұмыс. Сондықтан мәдениет қайраткерлеріне қажетті қолдауды көрсетеміз. Бірақ олар жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек» – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...
Диалог пен келісім алаңы
Халықтың еркін білдіретін және мемлекеттегі негізгі заң шығарушы билікті жүзеге асыратын органы – Парламент қоғамдағы әділеттілік пен құқықтық тәртіпті сақтауда шешуші рөл атқаратындығы анық. Парламент заңдарды қабылдау арқылы азаматтардың құқықтарын қорғайды, мемлекет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Парламент – диалог пен келісім алаңы.
Қазақстан Республикасының Парламенті – қос палаталы орган. Сенат пен Мәжіліс заң шығару процесін жүзеге асырады. Бұл құрылым аймақтардың...
Мемлекеттік басқарудағы цифрлық қадам
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда елдің жаңа даму бағытын айқындады. Президенттің айтуынша, заманауи мемлекет тиімді де ашық болуы үшін цифрлық шешімдерге сүйенуі қажет. Бұл – уақыт талабы, өркениетті елдер қатарына қосылудың нақты жолы.
Ендігі ретте мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы қағазбастылықпен емес, нақты дерек пен талдауға негізделеді. Әрбір мемлекеттік шешімнің артында статистикалық, әлеуметтік және экономикалық деректердің дәлдігі тұрады. Қазақстан да осы жолмен жүріп,...





























