Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

4

Астанадағы International Steppe School мектебінде жаңа, интерактивті форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты тақырыбы — балалар мен жастарды есірткіден қорғау болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиналыс ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірлескен жұмысы аясында ұйымдастырылды. Бұл жиында ресми баяндаманың орнына ашық диалог болды, құрғақ статистика орнына нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар ата-аналар мен жасөспірімдерге төніп тұрған нақты қауіптер туралы ашық әңгіме өрбіді. Жиналыс барысында мамандар төмендегілерді егжей-тегжейлі түсіндірді: Кәмелетке толмағандарды заңсыз есірткі айналымына тартудың қазіргі әдістері; Есірткі қолданудың сыртқы және мінез-құлыққа тән белгілері; Ата-аналарға дер кезінде балаларға көмек көрсетудің маңызы. Жиналыста ата-аналарды «тест әр үйге» профилактикалық форматы ерекше қызықтырды. Оларға бұл тексеруді өз бетімен, жылдам және қолжетімді түрде жүргізуге болатыны тәжірибе жүзінде көрсетілді. Бұл құрал профилактиканың негізі — отбасынан басталатынын айқын көрсетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз