Жетісуда соңғы үш жылда пайдаланылмаған 712 мың га жер қайта айналымға енгізіліп, тағы 603 мың га мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында 2022-2025 жылдары 1,3 млн. гектар тұрақты пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталды. 712 мың га жер қайта айналымға енгізілді, 603 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы айналымына 431 мың га тартылды. Қалған 172 мың га жер келесі жылдың 1-жартысында айналымға тартылады. Бұл жайында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Жетісу облысы – аграрлы аймақ. Бұл салада өндірілген өнімнің жалпы көлемі былтыр 3%-ға өсті. Биыл өсім 5% болады деп күтілуде. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығына 25 млрд.теңге инвестиция тартылды. 2025-2027 жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенінде жалпы құны 94,4 млрд.теңгеге 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде ірі жобаларды атап өтсем, жалпы жобалық қуаты 18.6 мың тонна болатын Панфилов және Көксу аудандарында салынатын екі құс фабрикасы, Текелідегі қуаты 4 мың тонналық жылыжай, Талдықорған қаласында салынатын жалпы қуаты 1,6 мың тонналық екі балық шаруашылығы нысаны бар, — деді Бейбіт Исабаев.

Сонымен қатар ветеринария саласына да назар аударылып отыр. Бұл ретте 2023-2025 жылдары облыста 67 ветеринариялық пункт салынды.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотографтар: Дмитрий Ерофеев, Жеңіс Ысқабай, Жұмабай Мұсабеков

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз