Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен коледж мұғалімдері арасында спартакиада ойындарынан жарыс өтті.

 

Спартакиада Талдықорған Политехникалық колледжінің спорт залында болды. Сайыстың ашылу салтанатында қалалық спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев пен грек-рим күресінен Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев сөз алып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және салуатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараның маңызына тоқталды. Жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетелік, спартакиада төрт спорт түрі бойынша өрбіді. Қатысушылар шахмат, тоғызқұмалақ, үстел тенисі және волейболдан өзара сынға түсіп, мықтыларын анықтады.

 

Үстел теннисінен 1 – орынды Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі, 2-орынды Политехникалық колледжі және 3-орынды Талдықорған сервис және технология колледжі иеленді. Ал, шахмат жарысынан 1 – орынды  Талдықорған  Гуманитарлық – техникалық колледжі алса, 2 – орынды Политехникалық колледжі, 3 – орынды Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі ұтып алды. Жеңімпаздар кубок, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK