«Әділет» партиясының 2026-2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасы арқылы халықты жайлы тұрғын үймен және заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, өмір сүру ұзақтығын арттыру, тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту, орта бизнесті дамыту және орта тапты нығайту, ауылдағы еңбектің табыстылығын арттыру, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды бастамаларды жүзеге асырады. Дәл осындай ойды «Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихатына кандидаттар Арыстанғали Арын және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар №29 лицей-мектеп ұстаздарымен кездесуде сөз етті. Оның айтуынша, партия бағдарламада білім саласын өркендететін ауқымды бастамаларды қарастырған.

– Біз мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін арттырып, балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы тәрбие мен білім алуына тең жағдай жасаймыз. Орта білім беру ұйымдарының желісін кеңейтіп, оқушы орындарының тапшылығын азайтамыз және бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептер мәселесін шешеміз, — деді спикер.
Мұнан соң Арыстанғали Арын партия ауыл шаруашылығын іргелендіруге нақты жоспарлы жұмысын саралады. Спикердің сөзінше, сайлауалды бағдарламадағы басымдықтар арқылы аграрлы өңірдің экономикасы сонда ғана әлеуетті болмақ.
– Жетісу өңірінің негізгі тұрмысы ауыл шаруашылығына негізделген. Партия осы жайды ескеріп, сайлауалды бағдарламасын осыған орай тиектеп отыр. Біз 2031 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешен саласында 9 инвестициялық жобаны іске қосамыз. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының 648 кәсіпкерлік жобасын іске асырамыз, — деді спикер.
Жиында қатысушылар саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасындағы бастамалар төңірегінде пікір алмасып, тағдыршешті науқанда «Әділет» партиясын қолдайтынын жеткізді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.




























