24.9 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 7 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 544

Жетісуда 281,3 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді

Жетісу облысында өнеркәсіптік өндіріс көлемінің ең үлкен үлесі Талдықорған қаласында, сондай-ақ, Кербұлақ, Панфилов және Көксу аудандарына тиесілі. Мұнда өнімнің 70 пайызға жуығы өндіріледі. Ақсу ауданында қант өндіретін кәсіпорнын қант қамысы мен қызылшасын қайта өңдеу желілерін жаңғыртуға байланысты тоқтата тұру есебінен өнеркәсіп өндірісінің индексі 52,6 пайыз болды. Талдықорғанда электр аккумуляторларының өндірісін ұлғайту, сондай-ақ, бетоннан және электр сымдары мен кабельдерінен құрылыс конструкцияларын өндіруде...

Жетісу өңірінде құрылыс жұмысының көлемі 136 млн. теңгеге жетті

Жетісу облысы бойынша 2022 жылға құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 136 422,2 млн. теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға артық. Бұл туралы Жетісу облыстық статистика департаментінің басшысы Марат Бөкенов айтып берді. «Өткен жылы ауданы 363,5 мың шаршы метр жаңа нысандар пайдалануға беріліп, тұрғын үй құрылысына 39,7 млрд теңге жұмсалды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 131,8%-ға көп.Тұрғын үйді пайдалануға беру облыстың...

Жетісу облысының халқы 700 мыңға жуық

2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Жетісу облысында 698 675 мың адам тұрады. Бұл көрсеткіш республика халқының 3,5 пайызы. Оның ішінде 345 мың ер және 353 мың әйел адам бар. Өңірде сыртқы көші-қонның тұрақты теріс сальдосы бар. Мәселен, өткен жылы облысқа 19 мың адам келсе, кеткендердің саны 28 мыңнан асқан. Бұл туралы Жетісу облыстық статистика департаментінің басшысы Марат Бөкенов Өңірлік...

Адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер

Өмірде ана есімі әрқашан ардақты. 8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңындаТалдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың атынан өңірдегі ақ самайлы аналар мен қыз-келіншектерге арнайы сый-құрмет көрсетілді.  Облыс орталығындағы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен салтанатты шараға қатысқандардың дені  еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар мен әр салада еңбек етіп жүрген  қарапайым нәзік жандылар. Нақты мәліметтерге жүгінсек, бүгінде жалпы Жетісу өңірінде  3 жарым мыңнан астам...

«Үздік ас мәзірінің» бас жүлдесі талдықорғандық «Алымда»

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында  Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл: қызмет көрсету саласында, кәсіпкерлік нысанда» атты дөңгелек үстел және мемлекеттік тілдегі «Үздік ас мәзірі» атты облыстық байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ​ Шараға облыстық прокуратура, сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, білім басқармасы,  Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, кәсіпкерлер палатасы қызметшілері, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі,...

Болмысы нәзік боксшы

Қазақ халқы қашанда қыз баланы қадірлеп, бағалаған. « Руыңды сақтаймын десең, ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле»- деген сөз тегін айтылмаса керек-ті. Қазақ қызына артылар жауапкершілік жүгі мол. Себебі, біздер есімі аңызға айналған, даналығымен белгілі Домалақ ана,  мейірімімен әлемді әлдилеген Ұмай ана,  ерінен айырылса да еліне ие болған Айғаным мен Ұлпан, батырға қуат берген Назым, Құртқа, Ақжүніс, ел...

Мектептер электронды оқулықтармен қашан толық қамтылады?

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазір оқулықтардың 79%-ы цифрлық форматқа көшіріліп, мемлекеттік сараптамадан өтті және оқулықтар тізіміне кірді,- деп хабарлайды өзге ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz. Бұл ретте электронды оқулықтар әзірлеу жұмысына еліміздегі 11-ден аса отандық баспалар атсалысқан. "Пәндерді электронды оқулықтармен 100% қамту 2024 жылға жоспарланған. Педагогтер үшін электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану әдістемелері әзірленіп, оқыту жұмыстары басталды. Қазір 50 мыңнан аса...

Тракторшы Қарашаш апа

Талдықорған қаласы   Еркін ауылдық округінің  «Көктал» шағын ауданында  бақыттың кілтін еңбектен тапқан  Қарашаш Батырова апамыз тұрады. Ол кісінің ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосып, тракторды тізгіндегенін естігенде еріксіз таңқалдым. Ер-азаматтармен қатар жүріп, таңның атысы, кештің батысы уақытпен санаспай шаруашылықтың маусымдық жұмыстарын жылдың барлық мерзімінде атқара беретін. «Ол кезде кеңестік кез. 1958 жылы Көкжазық  ауылындағы мектепке барып, 1968 жылдары  10 жылдық...

Су тасқыны жағдайы бақылауда

Кербұлақ және Алакөл аудандарындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Бұл туралы Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Игорь Жуков Өңірлік коммуникациялар алаңында мәлімдеді. 5 наурыздағы жағдай бойынша Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауданында 4 ауланы су басқан. Оқиға орнына 19 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта арық жүйесін тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Жетісу облысы ТЖД-не Кербұлақ ауданы Сарыөзек-Көктал автожолының бойында...

Жастарға микрокредит беру қағидасы

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен микрокредит берудің қағидасын бекітті. Осы мақсаттарға облыста 1 млрд. 245 млн. теңгеге 249 шағын несие беріледі. Микрокредиттер  «Аграрлық несие корпорациясының Жетісу облысы бойынша филиалы» АҚ арқылы...