Жетісу облысында өнеркәсіптік өндіріс көлемінің ең үлкен үлесі Талдықорған қаласында, сондай-ақ, Кербұлақ, Панфилов және Көксу аудандарына тиесілі. Мұнда өнімнің 70 пайызға жуығы өндіріледі.
Ақсу ауданында қант өндіретін кәсіпорнын қант қамысы мен қызылшасын қайта өңдеу желілерін жаңғыртуға байланысты тоқтата тұру есебінен өнеркәсіп өндірісінің индексі 52,6 пайыз болды.
Талдықорғанда электр аккумуляторларының өндірісін ұлғайту, сондай-ақ, бетоннан және электр сымдары мен кабельдерінен құрылыс конструкцияларын өндіруде өнеркәсіп өнімінің индексі 100,2%. Сарқан ауданында сүт өнімдерін қайта өңдеудің төмендеуінен индекс көлемі 84,6%-ға жетті.